Отбасы - ошақ қасы

Өйткені, мен оның әйелімен көңілдеспін

  • Өйткені, мен оның әйелімен көңілдеспін

    Өйткені, мен оның әйелімен көңілдеспін

Әнуар жақын досым. Сонау студенттік жылдардан бері жақсы араласып тұрамыз. Бірақ соңғы бірер айда онымен кездесуден қашқақтай бастадым. Оны көрген сайын кінәлі адамдай бүгежектеп қаламын. Неге дейсіз ғой?

Өйткені, мен оның әйелімен көңілдеспін
 
Бәрін басынан бастайын
Бірде жұмыста отырып, әлдебір себеппен Әнуардың үйіне телефон шала қалмасым бар ма? Трубканы әйелі Гуля көтерді. Алғашқы амандықтан кейін-ақ мен екенін білген соң, ыңырси сайқалдана сөйледі. Гуля  келісті, ажарлы келіншек. Ыңырси сөйлеп, үнемі жалаңаштау киім киіп, денесін жарқыратып жүреді.

 Досың (Әнуарды айтады) тағы да жұмысына кеткен. Үш-төрт күннен кейін (Әнуар пойызда жолсерік болып жұмыс істейді) келетін шығар. Тіземді құшақтап жалғыз жатырмын (балалары жоқ еді). Ішім пысты. Ол болмаса неге үйге келмейсіңдер, не бір жерге апарып қыдыртпайсыңдар деп наздана тіл қатты. Алғашында не дерімді білмей қалсам да артынша:

 Онда кешке мына жерге келе қал. Жақсы кафе бар, отырып біраз сыралатайық, &ndash дей салғаным сол-ақ екен:

 Жарайды, деді қуана келісіп.

Қай сайтанның түрткенін білмеймін!
Менде бөтен ой жоқ еді. Тек досымның келіншегі ғой, зеріккен болар. Біраз сыра ішіп, көңіл кетерсін дегем. Дегенмен Гуля Әнуарға тұрмысқа шықпай тұрып, өзге жігіттермен қыдырып, кәдімгідей шайқап жүретінін талай байқағанмын. Өйткені, бір институт қабырғасында, бір факультетте оқыдық.

Жұмыстан кейін келіскен кафенің алдына келіп Гуляны күттім. Көп күттірмеді. Сымбатты келіншек қой. Әдетінше, ашық-шашықтау киініпті. Әу деп сырадан бастаған отырысымыз қыза келе басқа ішімдіктермен араласа бастады. Әбден қыздық. Әртүрлі әңгіме айтылды.

Досың менің құмарымды қандырмайды. Оның ойлайтыны тек жұмыс, ақша табу. Қалай байысам, деп армандайды. Маған қарауды қойды. Ойы далада. Мен байғұс онымен тар төсекте соңғы рет қашан болғанымды да ұмыттым, деп қойып қалды.

Мен қалжыңдап:

 Жүрміз ғой, шақырмайсың ба, ым білдірсең тірлігіңді өзім-ақ қатырмаймын ба, деймін.

 Байқа, жеме-жемге келгенде «отказ» беріп жүрме,  деді.

Тағы ұзақ отырдық. Масайдық.

 Мені үйге апарып таста,  деді ол.

Сөйтсем, оның ойлағаны басқа екен ғой. Үйге кірген соң Гуля аузы ашылған бір коньякты алып шықты да:

 Ішейік. Қайда асығасың?  деді.

Қызып қалған мен де қарсы болмадым. Түннің бір уағы болды. Ол да осыны күтіп отыр ма, орнынан тұра сала бірден құшағыма кіріп, ернімнен қадала сүйді. Мені қай сайтанның түрткені белгісіз, екеуміз де тыр жалаңаш шешініп, диванға құлай кеттік. Гуля таң атқанша маза бермеді.

Енді не істеймін?
Таңертең түндегі қылығымнан қатты ұялып, тұла бойым дірілдеп тұрса:

 Жиі кездесіп тұрайықшы,  деп сайқалдана тіл қатып, ернімнен тағы қадала сүйді.

Сол түннен бастап Гуля екеуміз кәдімгі ашынаға айналдық. Мен емес, үнемі Гуляның өзі хабарласады:

 Ана досың тағы кетті, жұмысына. Келші, тезірек, сағындым,  дегенін жиі айтады.

Әйелдің өзі мияулап шақырып тұрған соң, еркекте не жан қалады? Бірақ бейшара Әнуар досым ғой, талай жыл бірге жортқан! Оған опасыздық жасағаным жаныма батады. Ертең ол біліп қойса &ndash өлгенім ғой! Ал Гуляға бәрібір секілді. Оның ойы менімен тек төсекте кездессе болды. Енді не істесем екен?

 

Аян Мырзабек

kaz.365info.kz




Көрілген: 2574    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 18:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31