Отбасы - ошақ қасы

"Өз жолдасыма қайта тұрмысқа шықтым": Павлодарда 13 жыл отандасқан жанұя қайта некелесуге мәжбүр болған

  • "Өз жолдасыма қайта тұрмысқа шықтым": Павлодарда 13 жыл отандасқан жанұя қайта некелесуге мәжбүр болған

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында 2007-ші жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде көпбалалы отбасы - Базархандар, жуырда қайта некеге отырған. Өйткені 13 жыл бұрын ауылдың атқамінерлері берген құжат заңсыз деп танылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТв арнасына сілтеп хабарлайды. 

павлодар

"Ол неке куәліктің ай, күні, барлығы менің қолымдағы 2007 жылы 8 желтоқсанда берілген куәлікпен сәйкес келмейді. Осы куәлікпен менің дүниеге келген балаларымның туу куәлігі берілген және де жылжымайтын мүліктерім барлығы жаңағы сатып алу келісім-шартында көрсетілген, номер. Енді мен не істеймін бұл куәлік жарамсыз", - дейді Бақберді Базархан.

 

Бақберді неке куәлігі ешқандай базада тіркелмегенін кездейсоқ білген. Колл-орталықтың бірінен қызмет алмақ болғанда, ондағылар өзінің некеде жоқ екенін айтып айды аспаннан шығарған. Амалы таусылған әке аудан әкімдігін сотқа берді. Жақында сот құжатты қайта қалпына келтіріп беруге жергілікті атқамінерлерді міндеттепті. Сөйтіп, отағасын өзінің әйеліне жаңадан некеге отырғызыпты.

"Өз жолдасыма тұрмысқа шығып тұрмын. Енді мен өз балаларымды әкесіз екенін дәлелдеп тұр да. Енді мен қосылғанда Бақбердіге 4 баламен қосылған болып санаймын, менің ойымша. Ол өгей әке болып саналады. Енді Бақберді оған қайтадан әкелік міндетін беру керек", - дейді Жеңісгүл Садетхан.

"Неке қию туралы куәлік Федоровка ауылдық округінің аппаратында тіркелген. Олар құжаттың бәрін мұрағатқа тапсырған. Бірақ, цифрландыруға көшкен кезде ол неке туралы мәлімет тіркеу актісінде болмаған. Сол себепті ол электронды базаға кірмей қалған. Ал неге кірмей қалғанына біз жауап бере алмаймыз. Ол кезде басқа адамдар жұмыс істеді", - деп ақталды Тереңкөл ауданы әкімі аппараты заң қызметінің басшысы Дулат Ыбыраев.

Шенділердің сөзіне сенуден қалған Базархан отбасы енді Жоғары сот пен бас прокуратураға шағым түсіруге бекінді.

 
 

 




Көрілген: 1611    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 23:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31