Отбасы - ошақ қасы

Өз жұртымнан қайынжұртымды жақын көрем

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Жасым отызға таяған, өзіндік пікірім қалыптасып үлгерген адаммын. Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданында туылғаныммен соңғы 12 жылда Алматыда тұрып жатқан қазақтың қарапайым қара домалық баласымын. Мамандығым – математика пәнінің мұғалімі. Ұстаздық қызметтімді 8 жылдан бері қаладағы № 123-ші мектеп-гимназиясында атқарып келемін. Есімім – Жасұлан.

 

Қазақтың көп жігітінен басты айырмашылығым – мен қайынжұртымда тұрамын.

 

Менің түсінігімде егер әлдебір адамға өзге біреулердің жақсылығы өтіп, шарапаты тиіп жатса ондай адамдар туралы үнсіз қалу қылмыспен тең. Рас, менің шешем мен бауырларымның (алты ағайындымыз) бар болғанына қарамастан осыдан 6 жыл бұрын үйленгенде еншімді бөліп беріп, бөлек шығармақ түгілі, аудан орталығында тойымды да жасап бере алмаған. Кейін ойлап қарасам, туғандарым қайынжұртымның алдында менің абыройымды ойлаған болса, онда бір кісідей жиналып, тойымды дүркіретіп өткізуге мүмкіндіктері де бар болған екен. Бірақ ол кезде ниет дұрыс болмапты.

 

Ал ниет қайтып қалпына келмейтін қасиет. Қазір оған өкінгеннен пайда жоқ. Кесірінше менің көшім соңғы жылдары көктегі Тәңірдің қалауымен жоғарыға өрлеп бара жатқандай. Себебі, менің бүгінгі жағдайым көп қазақтан артық болмаса, кем деп айтуға аузым бармайды.

 

Қайын атамның қызыма деп алып қойған үйінде отбасыммен мен тұрып жатырмын. Атам онысымен қоймай жуырда ол үйді туған қызының емес, менің атыма аударып берді. Ай сайын қап қап картобын, бүтін соғым болмаса да, жыл сайын жылқының жарты етін және әкеп береді. Тату-тәтті тұрып жатқан менің отбасыма сүйсінген атам салоннан су жаңа көлік сатып алуға жарты ақшасын алдын ала беріп те қойды. Бес және екі жасар екі қызым және бар.

 

Менің мақсатым – қайынжұртымды мақтау емес, кесірінше барды бар, жоқты жоқ деп тұрасын айту ғана. Неге мен әйелімнің жақындарынан көрген жақсылықты айтпай, үндемей қала беруім керек. Қанша жерден қазақ, қанша жерден жігіт болып туылсам да көрген жақсылықты айту менің парызым деп білемін.

 

Бұл қолжазбамды жазуыма осыдан 2-3 ай бұрын «Алаш айнасы» газетінде жарияланған «Күшік күйеу болу айып па?» деген мағынадағы мақала себеп болса керек. Ол мақалада былай дейді:

 

«Кезінде өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі қайын жұртында тұратыны туралы естіп, көргенде таңырқап, таңқалысып қалатын қазақтың бүгінгі ұрпағы, бұрынғы, һәм қазіргі орыстар секілді қайынжұртын жағалайтын болып жүр. Араларында тіпті өзінің жеке баспанасы болса да қайын жұртына кіріп алғандар да жоқ емес. Пайда үшін өз өздерін «құрбандыққа» шалған ондай отағасылар намыс дегенді шетке ысырып қойып, қайын жұртының дегенімен жүріп, айтқанына көнуге де бар», - депті.

 

Мәселен, мен бұл мақалада келтірілгендей өзімді бейшара халдемін деп сезінбеймін. Керісінше, мен өзімді жолы болған жігіттер қатарына жатқызамын. Қайынжұртында тұрып жатқандардың барлығы жатып-ішер, барлығы намыссыз деген пікірмен мүлде келіспеймін.

 

Алаш айнасы бұл жазғандарымды жариялай ма, жоқ па мен ол жағын білмедім.. Бірақ менің бір білерім әйелім өте тәрбиелі отбасынан шыққан. Және ол менің айтқанымнан шықпайды. Менің нұсқауыммен ғана жүреді. Мені қорлау, намысыма тию оның ойында да жоқ. Қайынжұрт менің үйіме тек жақсы хабар айту үшін немесе көмек көрсету үшін ғана келеді. Пендеге одан артық не керек?

 

Негізі жағымсыз пікірлер өзім жақтан, болмаса достарымның арасында ғана айтылатынын сеземін. Мен туралы кім не десе о десін ол маған маңызды емес.

 

Ал сол мақалада менің көңілімнен шыққаны, пікіріммен үндес шыққаны мына пікір еді.

 

Гүлзира ШАЛАБАЕВА, ене:

 

–Менім ойымша, бұрынғы қазақ, бүгінгі қазақ деп бөлудің қажеті жоқ. Бұрынғы қазақтардың проблемасы қазіргідей емес еді ғой. Мысалы, менің екі қызым бар. Кіші қызым 19 жасында Атыраудың жігітіне күйеуге шығып,өз алдына кетті. Тіпті жылдап көрмейміз қызымызды. Ал үлкен қызымның жасы 30-ға таяп қалды. Сосын біз кіші қызыммен ақылдаса келе, үлкен қызыма жеке пәтер алып бердік. Қазір үлкен қызым бөлек тұрады. Ал егер өзі ұнатқан жігітке жолығып, ал ол жігіт қызымның үйінде тұратын болса қарсы болмас едім. Тіпті сол жағдай менің көңілімнен шығатындай. Мен қызымның үйіне қалаған уақытымда барып, жастардың жағдайын күнделікті қадағалап, қолымнан келген көмекті беріп отырар едім.

 

Пенде сауап жинап, өзгелерге көмек көрсетемін деп тұрғанда біз неге ондайларға кедергі келтіруіміз керек.

 

Қысқасын айтқанда, бүгінгі қазақтардың арасында көп жігіттердің көпке дейін үйленбей жүріп қалуына, қазақтың «жалған намысы» кері әсер тигізіп жатқандай..

 

Сіз не дейсіз? 




Көрілген: 3317    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31