Өз қызым бақытыма балта шапты...

Өз қызым бақытыма балта шапты...

"Іштен шыққан шұбар жылан" дегендей өз қолыңды өзің кесе алмайды екенсің.Туған қызым кеш келген бақытымды да көп көргендей...

 

Өзім Көкшетау өңірінің тумасымын. Жас кезімде тұрмысқа шығып, бақытты болсам деп отбасы үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Бірінші күйеуім- Асылбек екеуіміз бір ауылданбыз. Бір-бірімізді жақсы көріп үйлендік. Алла бізге бар жақсылықты үйіп төкті. Ауылда тұрсақ та жағдайымыз жақсы болды. Бау-бақша, мал-жан, өзім поштада есепші болып жұмыс істедім. Асылбек- пысық, кез келген істі дөңгелетіп әкететін жігіт еді. Бір жылдан соң Әсия есімді қызымыз дүниеге келді. Мен баламен үйде отырсам да бау-бақшаны реттеп, жоқтан барды жасап үйімізге жылылық сыйладым. Осылайша қызымыз екіге толғанда Асылбек бұзыла бастады. Қазір ол бұрыннан сондай болды ма деп те ойлаймын, сүйген жанның жаман қылықтарын көрмей, көзің шел болатыны анық екен. Ұрлық жасау, адамдардан ақша алып қарызға кіру, адамдарды уәде беріп алдап кету деген сияқты арам істерінің куәсі болдым. Ақыры сол ұрлық түбіне жетіп, отбасымыз ортасына түсіп, ажырастық. Кейіннен сотталып кетіпті. Мен қызым беске келгенше ауылда тұрдым. Ауылдағы үйімді сатып, жинаған азын-аулақ ақшамды қосып Көкшетау қаласына көшіп келдім.

 

Көкшетауда қызымды балабақшаға беріп, өзім есепші болып жұмысқа тұрдым. Біраз стажым болғандықтан мен жұмыс табуға қиналмадым. Бір бөлмелі пәтерге де қол жеткіздім. Осылайша біраз жыл өтті, Әсия мектепке де барды. Мен әйелі қайтыс болған, балалары ер жетіп кеткен бір азаматтың етегінен ұстадым. Екі жыл бірге тұрдық. Өмірге екінші қызым дүниеге келді. Есімі-Айман. Бірақ, қуанышым ұзаққа бармады, екінші күйеуім-Бексолтан жол апатынан қайтыс болды. Бексолтанның тірі кезінде оның бір бөлмелі пәтерін сатып, менің де пәтерімді сатып екі бөлмелі үй алған едік.

 

Ана бақытын сезінсем де ер адам жылуын көрмедім. Екі қызды аман-есен оқытып, жеткізсем деп армандадым. Әсия мен Айман әкелері бөлек болса да бір әкенің қызындай болып өсті. Бірак, екеуінің мінезі екі түрлі еді. Әсия-пысық, өжет, қайсар, сәнқой. Айман-көп сөйлемейтін, өз ісін тыңғылықты атқарып, көп еркелеуді де білмейтін еді. Әсия әдемі киініп, елдің алды болып жүруді жанындай жақсы көрді, арманы бар қыздардай, ақ боз атты ханзада еді. Бай күйеуге тигісі келетінін де жасырмайтын еді.

 

Мектепті бітіріп екі қыз, студент атанды. Әсия оқуын бітіріп жұмысқа тұрды. Жағдайымыз да жақсара бастады. Мен қырықтан асқанда екі қыз да тұрмысқа шықты. Әсия армандаған бай жігітін тапты десем де болады. Бағына орай, күйеубала өте жақсы жерден шыққан, тәрбиелі, пысық, ақылды жігіт еді. Айман да тұрмысқа шығып, Астанаға кетті.

 

Екі бөлмелі үйде жалғыз қалдым. Немерелерімді көріп, солармен бірге жүріп уақыттың қалай өткенін де білмей қалдым. Жұмысым да сол есепшілік қызмет.

 

Бар қызық, Әсиядан шықты. Күйеуі екеуі бизнес ашып, өз тірліктерін жасап жүрді. Бизнес күннен күнге өркендеп, өсе берді. Екі бала да өсіп келеді. Бір күні Әсия келіп бизнестеріне ақша жетпей жатқандықтарын айтып жылады. Маған "үйіңді сатып, біздің қолымызға кел, кейін бәрі орнына келген соң қала ортасынан бір бөлмелі жаңа үй алып береміз" деп уәде берді. Ана болғасын, балаңа жамандық тілемейсің, барыңды соларға беріп, бақытты болса екен дейсің. Мен келістім. Олар үйді сатып, бизнестерін жасап жүрді. Мен де өз жұмысымды істеп, бірге тұрып жаттым. Күндердің күнінде бір құрбым жасы үлкен, әйелі араққа салынып кеткен үлкен ер адаммен таныстырды. «Екі жарты бір бүтін болайық» деп шештік. Ол ойымды қыздарым да жақсы қабылдады. Сонымен, Әділдің бір бөлмелі пәтеріне көшіп бардым. Әділдің бірінші әйелінен екі бала бар екен. Өз жанұялары бар қайырымды, ақылды ұл мен қыз. Олар да біздің өмірімізге араласпады. Әділ көп оқыған, әскери қызметтен зейнеткерлікке шыққан азамат.

 

Біз өте тату тұрдық. Бір-бірімізді түсініп, «ертеректе неге жолықпадық екен» деп те армандадық. Мен де үйдің тірліктерін жасап, еркекке қамқорлық таныттым. Ол да мені бағалап, басыма қонған бақ болды. Біраз қаржысы болғандықтан бала-шағамыз келіп, дем алып қайтатын үлкен үй болсын деп қала шетінен үлкен зәулім үй тұрғызуды шештік. Үйді тұрғызып, аяқталмаса да көшіп алдық. Бұрынғы тұрған үйді сатып, сол қаржыға үйді толық аяқтадық. Мен бау-бақшаны жақсы көргендіктен үлкен бау-бақша да жасадық. Орталықтан жылу да тарттық, суда үйге келіп тұрды. Кеш келсе де бақытты болғаныма қатты іштей қуандым. Әділдің де менің де балаларым келіп тұрды. Олар да бір-біріне туысқандай болып кетті.

 

Әсия сол бизнестен ақшаға құнығып, күйеуімен де арасы бұзыла бастады. Бір күні түнде үйге жылап келіп тұр. Үлкен қарызға батқан сияқты, онысын күйеуі білмейді екен. «Егер де сол ақшаны таппасам отбасымыз ойран болайын деп тұр, балаларды мені ая, банкке кепілге қоятын үй керек»,- деп жылаған соң Әділ ұлымен сөйлесіп, үйін кепілге қоюға келістірді. Өздерінің үйлері де кепілде тұрғандықтан банкке кепілдікке қоя алмайды, ал біздің үйдің құжаттары қала шетінде болғандықтан біраз мәселелер туындап, толық рәсімделіп бітпеген еді. Сонымен ұлы үйін кепілге қоюға келісті. Әсия өз таныстары арқылы үйді кепілдікке қойып, несиені рәсімдеп алды. Ол кездері банк несиені аямайтын еді.

 

Бір жыл өткен соң Әсия күйеуімен ажырасып кетті. Несие де сол күйі төленбеген. Банк Әділ ұлының үйін де алып алды. Біз үнсіз ғана өзіміз еңбекпен салған үйді Әділдің ұлына босатып бердік. Келін кепілге қойылған жайды білмегендіктен, ұлының да отбасында да біраз шу болды. Қартайғанда далада қалып, ақыры біз де ажырастық. Қазір екінші қызымның қолында тұрып жатырмын. Әсия сол Көкшетеуда ұсақ-түйек тірлігін істеп жүр. Әкесіне тартқан мінезін қоя алмай келеді. Жуықта «бір айда қайтарамын» деп күйеубаланың сатқан көлігінің ақшасын алып кеткен еді. Ол ақшаның қайтпайтынын білсе де Айман әпкесінің көңілін қимады.

 

Міне, «қан, тұқым қуалау» деген жібермейді екен. Осылайша, үлкен қызымның арқасында кеш келген бақытымнан да айырылдым. Оқырман "неге Әділмен бірге тұра бермедіңіздер?" деп кінәлар, бірақ қызымның осындай ісінен соң Әділдің туысқандарының бетіне қарай алмадым, үнемі кеудемде бір ұят пен өксік тұрғандай. Әділдің азаматтығын бағалағандықтан, осылай жасауды шештім. Ал, туған қызым Әсияның қылығына не істерімді білмеймін, миым да жетпейді, мені тыңдайтын да емес.

 

 

 

Жібек, Астана

alashainasy.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста