Отбасы - ошақ қасы

Өз руынан қыз алған жігіт отбасының ойран болғанын айттты

  • Көрнекі фото: 7я.ру

    Көрнекі фото: 7я.ру

Семейлік азамат өз руынан қыз алып, қалай опық жеп қалғанын айтып берді. Ер адамның айтуынша, әке-шешенің батасын алмаған жастар көп ұзамай айырылысып тынған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Жасы отыздан асқан ер адам осыдан бес жыл бұрын отбасын құрған. Бір қызығы жігіттің қалауы өз руының қызына түсіпті.


"Рая екеуміз бір мектепте оқығанбыз. Кейін оның отбасы қалаға көшіп кетті. Оны тек Семейге оқуға түскен соң, студент кезімде ғана көрдім. Екеуміз бала күнімізден бір рудан екенімізді білетінбіз. Тіпті бала күнімде оның туыстарын үйге қонаққа да жиі шақыратынымыз есімде қалыпты.


Сөйтіп басында аға-қарындас болып араластық. Кейін жап-жақсы достасып кеттік. Бір-екі жыл осылай араласып жүріп, арамызда сезім бар екенін білдік.


Әрине қазақта бір рудан қыз алмайды дейді, бірақ мен сол дәстүрге қарсы шығып, Раяға үйленетін болып шештім. Әке-шешеміз басында қарсы болғанымен, кейін біздің көңілімізге қарап, келісімін берді. Бірақ отбасылық өміріміз ұзаққа бармады. Бес жылан соң, арада бала болмағаннан кейін, ажырасып тындық", - дейді ер азамат.


Айтуынша, жас отбасында бала болмауының да бірден бір себебі – алыс туыстық қатынастар болуы мүмкін екен.


"Дәрігерге де, тәуіпке де, бәріне бардық. Бірақ арманымыз орындалмады. Жанұя болған соң, арада бала болмаған қиын екен. Рая соны ойлап, көп жылайтын. Ақыр аяғы мені кінәлі етіп қоятын. "Ата-анаң қарсы болды, батасын алмадық, қарғысы тиді" деп көп артық сөз айтатын.


Осындай сөзді жиі естігендіктен болар, оның үстіне ата-анамыздың да арасы суып кеткендіктен бе, әйтеуір жолымыз екі айырылылсын деген шешімге келдік.


Өткенде Раяға құда түсіп, тұрмыс құрғалы жатыр дегенді естідім. Тағдыр бірге болуды жазбады, бәлкім енді екеуміз де бақытымызды табармыз. Қайткен күнде де бір атадан қыз алған жөн болмайды екен. Қазақтың ырым-жоралғыларына атүсті қарауға болмайды, оның дәлелі біз сияқты бағы жанбаған адамдар шығар", - дейді ер адам. 




Көрілген: 4306    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31