Отбасы - ошақ қасы

Өзгенің баласына мейірім төгіп, өз перзентіңді жылатқаның жөн бе?

  • Өзгенің баласына мейірім төгіп, өз перзентіңді жылатқаның жөн бе?

    Өзгенің баласына мейірім төгіп, өз перзентіңді жылатқаның жөн бе?

 Ажырасу қасірет пе?Тағдыр маңдайыңа жазса сол болады.Мен де тұрмысқа шыққанда ажырасымын ,балалы болғанда баламның әкесі тастап кетер -ау деп ойламаппын.Басқалар сияқты мен де бақытты болуға талпындым...

Күйеуім разы болсын деп, қолымнан не келді соны жасадым. Ұлды да тудым. Қызды да тудым. Жазда саманнан кірпіш құйып үй салдым.

Сен Алматыға жұмысқа кетіп, мені тастап кеттің. Жұмысыңдағы бір əйелді баласымен жар қылдың. Оның соңынан үш баласы келіпті. Сен өзіңнің үш балаңды бақпай, əке мейіріміне қандырмай өзгенің баласына қалай əке болып жүрсің?!

Өтінем, алимент төлеуден қашпашы. Қашпа! Сен қайыр сұрап жүрген жандардың санатынан емессің. Берсең- перзентің үшін бересің, Нұржан!

Еркектер, өз балаларыңыздың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ету - парыздарыңыз екенін ұмытпаңыздар!

Нұржан, ұятыңды араққа қосып іштің бе? Сəл болса да ұялсаңшы.Қыздай мені жар еттің ғой. Үлбіреп тұрып, күндей күліп, есігіңе бардым. Бір сәт болса да өткен күннің тәтті естелігі үшін өз балаларыңнан бас тартпашы. Өзгенің баласына мейірім төккенде,өз перзентіңді жылатқаның жөн бе?

 

 

Айдана

Ақтөбе қаласы
 




Көрілген: 2322    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 22:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31