Отбасы - ошақ қасы

Өзім ұнатпайтын жігітке тұрмысқа шыққаным дұрыс па?

  • Өзім ұнатпайтын жігітке тұрмысқа шыққаным  дұрыс па?

    Өзім ұнатпайтын жігітке тұрмысқа шыққаным дұрыс па?

 Менің жасым 24-те. 4 жасар ұлым бар. Ажырасып кеткеніме 3 жылдай болды. Тұрақты көңілімнен шығатын жұмысым бар. Менің үлкен әпкелерден сұрағым келгені ұнамайтын адамға тұрмысқа шығуға болады ма?

Маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап жүрген бір жігіт бар, бірақ өзіме мүлдем ұнамайды. Жағдайы бәрі жақсы бөлек үйі, жұмысы бар. Бірақ жігіт тым ынжық, орысша айтқанда ”тормаз”. Қанша рет жолығып көрдім, ұнатып кетермін дегенім бос далбаса. Әр жолыққан сайын, қайта көргім келмей келемін. Өзім ұнатпағаннан кейін оның жанында көңіл күйім болмайды.

Өзім сүймесем де, мүмкін оның махаббатының жылуы екеумізге жететін шығар деп өзімді алдаусыратқанмен жүрегім міз бақпайды. Қанша жақсы көруге тырыссам ,соншалықты одан алыстай түсемін. Жігіттің өзін мүлдем көргім келмейді.

Бір жағынан мұндай мүмкіндік қайта бола ма, болмай ма деп ойлаймын. Сіздер не ой қосар едіңіздер? Жас қыздардың ақылды болып айтар әңгімесі қажет емес. Рахмет!

Махаббат

Түркістан қаласы
 




Көрілген: 916    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 10:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30