Отбасы - ошақ қасы

Өзімнен жасы кіші жігіттен жүктімін

  • Өзімнен жасы кіші жігіттен жүктімін

    Өзімнен жасы кіші жігіттен жүктімін

 Менің айтқанымды түсінбейсіздер ғой деймін. Жасым 30-да. Ақылым да орнында.Мен үш жыл отасқан күйеуіммен айырылысқан соң басқа жігітпен аяқ астынан таныстым. Ол менен алты жас кіші болса да өте қатты сүйіп қалды.Ешнәрсеге қарамаймын деп барлығына көз жұмды. Мен бұрын ажырасқанмын, балам жоқ,  ол да ажырасып үлгерген, баласы бар. Менде де оған деген сезім болды.


Бір ай кездесіп жүрдік. Енді оған тойдан кейін төсектес боламын, жаным-ау мен сондай кереметпін демеймін ғой. Иә, бір-ақ рет болдық. Бірден көтеріп қойыппын. Білген кезде өзім де аң-таң  болдым. Себебі мұндайды күтпеген едім. Үш жыл сүйген адамымнан көтермей осы жігіттен көтеріп қойғаныма ренжідім. Оны бар-жоғы бір ай көлемінде ғана танмын. Бұрын бала көтере алмағандықтан да сақтану дегенді ойламағанмын да.


Жігітім баланы алдырма, оны ойыңнан шығарып таста, мен үйленемін, бәрі жақсы болады деп жұбатуда.


Ал мен болашаққа қорқынышпен қараймын. Ол менен алты жас кіші. Махаббаты өткінші емес пе? Ертең ойланып қалмай ма? Талай сұлулар бар. Бір кезде маған деген көзқарасы өзгеріп, махаббаты суып кетсе ше? Өмірде кездесетін қиындықтарға төзе ме? Сондайда тастап кетпей ме? Тағы сүрінбеймін бе? Қайта-қайта ажырасу оңайға соқпасы аян. Бастапқы кезде баланы алдыруды ойлағанмын. Енді жүрегімнің астында пайда болған тірі жанға мейірімім оянып алдыруды ойдан мүлде шығардым. Өзімнен кіші жігітке тұрмысқа шықсам бақытты бола аламын ба? Енді, бәрібір соның ұрпағын құрсағымда көтеріп жүрмін. Не істеймін?!


Дана

el24kz




Көрілген: 1475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31