Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өзімнен үлкен адамға пәк күйімде тоқал болғаныма өкінем

09 желтоқсан 2018, 20:35

ОҚО-ның 29 жастағы тұрғыны өзінің басынан кешкен тағдырын баяндап, жан сырымен бөлісті. Ол өзінен 21 жас үлкен азаматқа тоқал болып тұрмысқа шыққан.

Жасым 29-да. ОҚО-ның тұрғынымын. Ата-анамды жерге қаратқаныма, тоқал болғаныма қазір өкінемін. Мен де ақымақтықпен өзімнен 21 жас үлкен азаматпен кездесіп жүрдім. Ол менің артымнан жас баладай жүгірді біраз. Бүгінде бірінші әйелі кіші қызымен бірге тұрады. Ал үлкен қызы шетелде оқиды. Осының бәрін біле тұра, пәк күйімде оған тоқал болуға келістім. Ал қазір кеткім келеді.

Алайда мені күйеуім жібермейді. "Менің тоқалым екеніңді бәрі біледі. Сені енді ешкім алмайды. Ешкімге керек емессің. Менсіз жеңіл жүріске салынып кетесің" деп айтады", - деген әйел бойжеткендерге өзінің қателігін қайталамауға кеңес берді.

"Қазіргі қыздарға айтарым, менің тағдырымды қайталамаңыздар! Біреудің күйеуіне қызығудың керегі жоқ. Қалтасындағы ақшасына қарап, үлкен азаматтарға жабыспаңыздар! Мен сияқты қыздардың беттері ғана жылтыр. Ал іштері өкінішке, көздері жасқа толы", - деді бейтаныс келіншек Instagram парақшасында.