Отбасы - ошақ қасы

"Пәк болғанын қалады": Павлодарлық ару қыздығын тіктіріп, тұрмысқа шығып алған

  • "Пәк болғанын қалады": Павлодарлық ару қыздығын тіктіріп, тұрмысқа шығып алған

Пәктігінен ерте айырылған павлодарлық ару қыздығын тіктіріп, күйеуіне алдап тұрмысқа шығып алған. Айлакер бойжеткеннің аталмыш әрекетін KAZ.NUR.KZ тілшісіне оның құрбысы айтып берді.


Бойжеткеннің айтуынша, жақын құрбысы мектеп кезінде студент жігітке алданып қалған екен.


Пәктігін сол азаматқа "сыйлаған" ару кейін өзге азаматты кездестіріп, қыз бен жігіт ретінде жүре бастаған. Алайда жігіт пәктікке қатты мән бергендіктен, құрбысына оны қалпына келтіруге тура келген екен.


"Жас болған соң, түрлі жағдайлар бастан өтеді. Құрбым оқуда озат болған, өте тәрбиелі, өнегелі отбасынан шыққан қыз. Ауылдан қалаға барған кезінде, бір жігітпен танысып, сонымен бірге болған еді.

Бірақ жігіт біз ойлағанадай адам болмады. Қыздығын алғаннан кейін, өз жөнімен кете берді. Абырой болғанда құрбымның аяғы ауырлап қалған жоқ.


Сөйтіп жүріп Павлодардағы белді оқу орындарына өз күшімен грантқа оқу түсті. Сол университетте қазіргі жарымен танысты. Ол ауылдан шыққан бала болғандықтан, пәктікке көп мән беретін жігіт болып шықты.


Содан амал жоқ, қыздықты қалпына келтіру операциясын жасатуға тура келді. Қазір бақытты, әдемі отбасы", - дейді келіншек.

Сөз соңында ол қазіргі жігіттер пәктікке баса мән бермейтінін айтып қалды.


"Қыздыққа қазір көп мән бермейді, әсіресе қаланың балалары. Жалпы пәктікке қарау деген ескіден қалған дәстүр сияқты. Алданып қалған қыздар қаншама, олардың бәрі пәк емес екенмін деп тұрмыс құрмай қалса, обал ғой?", - деп сөзін аяқтады ол.




Көрілген: 4203    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31