Пәк боп тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған - Кербез Егінбаева

07 тамыз 2023, 17:53

Психолог маман Кербез Егінбаева  қыздар тұрмысқа шығар алдын ер жігітпен төсек қатынасына түсіп көруі керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол "Podcast Time" бағдарламасында айтты.

 

"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді", - дейді ол.

 

Психолог қыз балалардың жыныстық дамуында да едәуір өзгерістердің болып жатқанын айтты.

 

"Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер уже армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте доступно нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жаныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда  9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес", - дейді психолог маман.

 

Желі қолданушылары  психологтың бұл пікірі дұрыс еместігін жарыса жазуда.

 

"Жастарға не тәрбие беріп отыр, мына қыз?", "Масқара", "Кербез қалай коуч болып жүр. Не үйрете алады...", - деп жазды олар.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz