Отбасы - ошақ қасы

Пәк емессің деп жазықсыз кінәлады

  • https://tsn.ua/

    https://tsn.ua/

Салеметсіздер бе? Құрметті қауым! Менің аты-жөнім құпия болсыншы. Осы сайтқа шыққан материалдарды көптен бері оқып жүрмін. Менің де басыма бұндай жағдай болады деп мың ұйықтасам түсіме кірмепті, өте қатты қиналып отырмын.

 

Мен 22 жастамын, жігітіммен жүргенімізге 4 жыл болды. Таяуда жақын қатынаста болып едік, менің пəктігім білінбеді, пәктік белгі білінбегендіктен ол маған сенбеді, мені кінəлəді, маған айтпаған сөзі қалмады. Менің шынымен де кінəм жоқ, кінəлі болмасаң да өтірік жала жапса қатты жаның ауырады екен.

 

Мен жгітіме екі жаққа кетейік, сен маған сенбесең, ары қарай бірге жүрудің қажеті жоқ дедім. Бірақ ол мені жақсы көретінін айтып, кетпеді. Оның үстіне ол мені анасымен таныстырған, үйленеміз деп шешіп қойғанбыз.

 

Ал менің үйімдегілер жігітімді жақтырмайтын, құрбыларым да ол саған лайық емес деп бəрі менің құлақ етімді жейтін. Оның үстіне жігітімнің тұрмыстық жағдайы да мәз емес. Ол мені құрбыларыммен араластырғысы келмейді, достарыммен бірге ешқайда жібермейді.

 

Бірд тіпті құрбыларымның көзінде қол көтерді, ауыр сөздер айтып боқтайды. Мен ұяттан өліп қала жаздадым. Осыдан бірнеше күн бұрын ол маған: "сен пәк болмасаң да мен сені алатын болдым" деп міндетсінеді. Бұл сөзді естігенде жүрегім қатты ауырды, мені түсінесіздер ме, қатты қиналып кеттім.

 

Осы жағдайдан кейін бар батылымды жиып, оған кет дедім. Арамызда бәрі біткенін айттым. Мен оған бір көргеннен ғашық болып едім. Қатты қателесіппін, өкінемін. Бәріне өзім кінәлімін.

 

Енлді болашағым не болмақ, қалай қөмір сүремін.


Аноним

alashainasy.kz/

 




Көрілген: 1120    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31