Отбасы - ошақ қасы

Пәктік белгісін салдырып алып, «нормальный» жігітке күйеуге тиемін

  • Пәктік белгісін  салдырып алып, «нормальный» жігітке күйеуге тиемін

    Пәктік белгісін салдырып алып, «нормальный» жігітке күйеуге тиемін

Алматының жуырда ғана тағайындалған әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы жезөкшелерден тазарту туралы тапсырма берген болатын. «Көшеде жүруден қалдық...» – деп шағым айтқан Сейфуллин көшесінің тұрғынына әкім мырза: «Бүгіннен көшені жезөкшелерден тазартуды бастайды. 


Ертең немесе одан арғы күні де бұрынғыдай жал­ғаса берсе, маған жазыңыз», – деген еді. Осыдан кейін рейд жүргізіліп, Алматы қаласы полиция депар­таменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров 50 жеңіл жүрісті қыздың, пәтер ұсынған 13 адамның, 5 жүргізушінің ұсталғанын айтқан болатын. Алайда одан олардың саны азая қоймапты. 


Таяуда «Danny Y» деп аталатын «Youtube» каналының блогері әкімнің сөзінен соң Сейфуллин көше­сін әдейілеп шолып шығыпты. Алматының бұл даңғылы жеңіл жүрістілердің ордасына айналғалы қашан. Олардың қызметіне ең арзан құн сұрайтындарын да осы жерден табуға болатын көрінеді. Әлгі блогер жігіт жасырын түсірген видеода тән саудалаушылар қызмет құнын ашық айтып тұр. Баға сұраған оған: «Қонақүймен бірге сағаты 7 мың, бір түнге 25 мың», – деді қыздардың біреуі. Қонақүйдің алыс еместігін, өздері апарып-алып келетінін де қосып қойды. «Бағасын түсірсеңіздерші», – деп әдейілеп саудаласқан жігіттен олар бірден: «Қанша адамсыздар? Қанша қыз аласыздар?» – деп сұрады. 


Бұдан арғы сұрақ-жауап былай өрбіді: «Үш адамбыз». «22 мың болады». «20 мыңға ше?» «Егер үш қыз алсаңыздар, 20 мыңға да болады». 


Бұдан түсінгеніміз, Сейфуллин көшесінде қала әкімі берген тапсырмадан кейін де тән саудасы қызып тұр екен. Сәл әріректен ақысын төлесе айтқанын орындайтын қыздардың тағы бірнешеуі табылды. Байқасақ, әкім айтты екен деп жезөкшелердің түгесіліп қалған түгі жоқ. «Баяғы жартас – бір жартас». Сонда кешегі тапсырма қайда қалды? Қадағалау неге жоқ? Бұған әкімнің де күші жетпегені ме сонда? 


Бұл – жезөкшелердің қаншама жылдан бері өздеріне белгілі қалыпқа енген, әбден тамырланған кәсібі. Ар-абыройын сатып, арам ақша алушылардың арғы жағында бір емес, бірнеше адам тұр. Олардың қатарында келушілерді жер-жерге жеткізіп тастауға дайын арнайы жүргізушілер, қалағаныңның қаншауы болса да тауып беруге даяр жеңгетайлар, жатын орын ұсынушы пәтер берушілер, керек десеңіз, тән саудалаушыларын қауіп-қатерден қорғап, анадайда бақылап отыратын қорғаушылар да бар. Бәрі де өзіне тиісті пайызын алып отырады. Ал полиция қызметкерлерінің бұған көз жұма қарайтыны баяғыдан белгілі. 


Қанша көшеде тұрып, тән саудаласа да мұндайларға жаза жоқ. Ары кетсе айыппұлмен шектеледі. Полиция бөлімшесінде бір-екі сағат отырады да, «жұмыс орындарына» қайта келеді. 


Осыдан кейін жезөкшелікті бір күнде жоюға болады деуге келе ме? Ол үшін осы тұста солқылдақтық таны­татын заңымызды қайта қарау керек шығар? 


Заң демекші, бір кездері жезөкшелікті заңдастыру керек дегенді де ара-тұра естіп қалғанбыз. «Мемлекетке салық төлесін» деп те айтып жатты. 


Ал негізінен жезөкшелікті заңдастыру ұрлықты заңдастыру дегенмен бірдей секілді. Одан біз ұтылмасақ, ұтпайтынымыз анық қой. Осы жолда жүрген қыздарға заң жүзінде ерік берсек, ертеңіміз не болмақ? 


Әлгі видеода бет-жүзін жасырған Ләззат есімді қыздың әңгімесін беріпті. Онда ол: 


«Айына 200 мың теңгедей ақша табамын. Бірақ тапқанымның қайда кетіп жатқанын білмеймін. Жеңіл жолмен келген ақша жеңіл жолмен кетіп жатыр. Мен адал жолмен жұмыс істеп, ақша тапқым келеді. Қазір де жұмыс іздеп жүрмін. Бірақ осындай оңай жұмыс істеп үйренгеннен кейін басқа жұмысқа тұрсам, ары кеткенде 1-2 апта ғана жүремін. Шыдай алмай, ол жерден шығып кетемін», – дейді. Ол осындай жолмен өзге ұлт өкілдеріне де қызмет көрсетіп жүргенін жасырмайды. Түріктердің, әзірбайжандардың, орыстардың, кәрістердің, тіпті ағылшындар мен қытайлардың келетінін, ондай жағдайлардың жиі болып тұратынын да айтыпты. «Ақшасын төледім, айтқанымды жаса!» – деп қысым көрсететіндердің де болатынын, дегенмен ақша үшін бәріне шыдайтынын да жеткізіпті. Уақыты келгенде бұл істен қол үзіп, тұрмысқа шыққысы келетінін де сөз еткен. 


«Негізі кезінде жезөкшелікпен айналысқан қызға еркектердің қалай қарайтынын білмеймін. Бірақ қасымда бұрын жұмыс істеген үш-төрт қыз болған, солар тұрмысқа сәтті шығып кетті. Мен де солай тұрмысқа шығамын деп ойлаймын. Бірақ ол кезде мен өзіме пәктік белгісін салдырып алып, «нормальный» жігітке күйеуге тиемін. Себебі қазір 21-ші ғасыр, бәрін істеуге болады», – дейді ол. 


Бұған не деуге болады? Бар жиіркеніштіні жасап алып, кейін жақсы жігітке жар боламын дейді. Ар-ұят, күнә туралы тіпті де түсінігі жоқ сияқты. Әлгі өзі айтқан басы бос кезінде жатырын ластаған қыздардың кейін бір әулетке келін болып отырғаны сорақылық емей немене?! 


Жезөкшелікке түбімен тосқауыл қою керектігі осыдан-ақ белгілі. Бірақ оған бір әкімнің күші жете қоймас. Ол үшін қатал заң ғана емес, қатаң тәрбие де керек. 


Қысқасы, бұл көлеңкелі кәсіптің тамырына балта шабу әзірге оңай бола қоймайтын сияқты. 


М. ЫБЫРАЙ.


www.zamana.kz




Көрілген: 4045    Пікірлер: 0

сенбі, 03.08.2019, 19:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31