Отбасы - ошақ қасы

Пайғамбар жасына келген атамның үйленгені дұрыс па?

  • https://proza.ru/

    https://proza.ru/

Құрметті «Алаш айнасы», мен сіздердің тұрақты оқырмандарыңыздың бірімін. «Отбасы – ошақ қасы» айдарына шығып жатқан әрбір оқиғаны жібермей оқимын. Өйткені оның бәрі – адамның тағдыры, қуанышы мен өкініші, сыры мен мұңы. Бұған дейін тек оқырман болып келсем, бүгін мен де көпшіліктің пікірін білу үшін өз отбасымыздағы жағдайды жазуды ұйғардым.

 

Мен үлкен әулеттің келінімін. Есімім Ғазиза, жасым 35-те. Тұрмыс құрғаныма 15 жылдан асты. Жолдасым екеуміз өте жас үйлендік, бүгінде 3 баламыз бар. Күйеуім сегіз ағайындының бесіншісі. Үш қайын әпкем, бір қайнағам, 2 қайным, бір қайынсіңілім бар. Жолдасымнан үлкендерінің бәрі бір-бір отбасын құрып, өз алдыларына кеткен. Біз қарашаңырақта тұрып жатырмыз. Қайныларым мен қайынсіңілімнің жастары келсе де әлі отбасын құрған жоқ. Мүмкін аналары болмағаннан кейін үйленуге асықпайтын шығар, оның үстіне біздің өз бала-шағамыз бар, бізге ауыртпалық салғылары келмей ме, әйтеуір келін түсіру, тұрмысқа шығу туралы әңгіме қозғамайды. Кенже қайынмының өзі 25-тен асты.

 

Алғаш келін болып түскенде енем марқұм маған өте жақсы қамқорлық танытып, білмегенімді үйретті. «Жақсы адамдар құдайға да керек» деп жатады ғой, енем өте тамаша жан еді. Ол кісідей балаларын жақсы көретін, күйеуін сыйлайтын адамды әлі кездестірген жоқпын. Атамыз жас кезінде өте сымбатты, мінезі шатақтау кісі болса керек, енем өмірнінің соңына дейін ол кісінің жағдайын жасап өтті. Балаларын да әкесін құрметтеуге тәрбиелеген. Енеммен бірге 5 жыл бір шаңырақ астында тұрдық, сол уақытта ол кісі маған дауыс көтеріп көрмепті. Енем өзінің тұйық мінезінен, аса мейірімділігінен, сезімталдығынан да ерте кетті ме деп ойлаймын. Жоғарыда айттым ғой, өте балажан кісі еді деп.

 

Менің жолдасымнан кейінгі қайным әскерге барып сол жақтан науқас болып келді. Басынан қатты жарақат алған көрінеді. Сол жарақаты үйге келгеннен кейін асқынып, қайта-қайта талып қалатын болды. Қайнымды ұзақ уақыт емдеттік. Әсіресе шеше байғұс баласының қиналғанын көріп бір сәт жанынан шыққан емес. Баласы енді тәуір бола бастағанда енем бір-ақ күнде қан қысымы көтеріліп, тіл тартпай кетті. Қазір қайнымның қабағы бір ашылмай жүреді, анасының қазасына өзін кінәлайды. Енем қайтыс болғанда атам да қатты қиналды. Үнемі өзін өзі күтіп, жинақы жүретін атамыз бір жылдың ішінде қартайып кетті.

 

Балалары анасын, атамыз ұзақ жыл отасқан жұбайын қанша қимаса да «өлгеннің артынан өлмек жоқ» деп тіршіліктерін жасап келе жатқанына да он жылдан асыпты. Қазір қайындарым біздің қолымызда қарап отырмай өздерінше тірлік жайсаймыз деп Астанада жұмыс істеп жүр, қайынсіңілім де мұғалім болып жұмыс істейді. Меніз біртоға, салмақты қайынсіңілім анасынан жастайынан қалғаннан соң ба, аса ешкіммен сырын ашып сөйлесе бермейді.

 

Бүгінде атам пайғамбар жасына келді. Осыдан біраз уақыт бұрын бәрімізді жинап, өзінің бір әйел адамен бас қосқысы келетінін айтқан болатын. Сол кезде қайын әпкелерім әкелернің үйленуіне түбегейлі қарсы болды.Ұлдары әкелерінің үйленем дегенін құптай кетпесе де, қарсы да болған жоқ. Дегенмен қыздары анамыздың орнын басқаға басқызбаймыз деп атамды басып тастады. Осыдан кейін атам үйлену туралы әңгіме қозғаған емес. Содан бері де бірнеше жыл өтті.

 

Атам бізбен бірге 15 жылдан бері тұрып келе жатыр ғой. Маған ол кісінің шәй, тамағын беру, құрметтеу қиын емес. Реті келсе шәй үстінде көңілін аулап әңгімеге тартуға тырысамын. Бірақ меніңше, атам бір адаммен көңіл қосқысы келетін секілді. Сөз арасында өзінің сөйлесіп жүрген адамы жақында басқа жаққа көшетінін, тағы да жалғыз қалатынын айтып қалды. Ал менің қолымнан келер шара не? Күйеуіме айтсам, әкем үйленем десе өзі біледі дейді де қояды. Ал мен атамның бұл күйін қайын әпкелеріме айтып, ол кісінің үйленуіне келісім берулерін өтінейін десем, олар мені дұрыс түсінбей қала ма деп қорқам. Мен атамды қарағым келмей отырған адамдай боламын ғой. Мен үшін атамның үйде болғаны жақсы. Өйткені күйеуім жиі-жиі іссапарға кетеді, балалармен өзіміз қалғанда үйде ер адамның болғаны жақсы. Өзім жұмыстармен бір жаққа шықсам да балаларды атама алаңсыз қалдырып кетем. Бірақ меніңше, біз өзімізді ғана ойламай, ол кісінің ойымен де санасуымыз керек емес пе? «Екі жарты – бір бүтін» демекші, егер атам өзінің жартысымен бас қосып жатса, балаларының қуанышын бірге көріп, өмірінің соңында бақытты болар ма еді деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар?

 

 

 

Ғазиза, Алматы

alashainasy.kz




Көрілген: 5403    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 17:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31