Психолог, психотерапевт Дмитрий Шамша романтикалық қарым-қатынаста бақытты болудың кепілі “өз жұбыңнан ештеңе күтпеу” деген ойды жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Маманның айтуынша, романтикалық қарым-қатынас екеуара шекараны белгілеуден басталуы керек.
"Алдымен ең маңыздысы – екі адамның не үшін бір-бірімен сөйлесіп жүргендерін түсініп алу. Оны түсіну үшін сіз қарым-қатынасты жәй ғана көңілді уақыт өткізу үшін кездесе ме, әлде шынайы қарым-қатынас орнатқысы келе ме, анықтауыңыз қажет. Жұбыңнан ештеңе күтпеу - бұл ешкіммен араласпайтын ғибадатханадағы буддистер үшін қалыпты шығар. Бірақ кез келген қарапайым адамның қажеттіліктері бар", - дейді психолог.
Оның айтуынша, адам ең бірінші өзіне ненің қажет екенін "менің қалауым қандай, мен үшін не маңызды, не бағалы?" деген сауалдар қою арқылы анықтау қажет. Ары қарай арақатынастағы қажеттіліктер мен қағидаларды жұбыңызмен ақылдаса отырып бекіткен дұрыс. Егер келісімдер бұзылған жағдайда, бұл әңгімеге қайта оралуға тура келеді.
Психолог жақында ғана жағымсыз тәжірибені бастан кешкендер үшін жаңа қатынас бастауға асықпауға кеңес береді.
"Өткен жараларды емдемей жатып, жаңа қатынас бастау дұрыс емес. Сондай-ақ психологтың көмегіне жүгіну артықтық етпейді. Ал егер жаңа қарым-қатынас құрып үлгерсеңіз, ескі жараларыңызды еш кінәсі жоқ жанға таңбаңыз," - деді Дмитрий Шамша.
Психолог сонымен қатар, ауыр жағдаймен аяқталған арақатынастардан кейін кемінде бір жарым жыл терапияға көңіл бөліп, содан кейін ғана қорықпай жаңа қарым-қатынас бастай беруге болатынын айтты.