Отбасы - ошақ қасы

Сәбиімді туа сала біреуге беруге мәжбүр болдым

  • © CC0 / Pexels

    © CC0 / Pexels

Амансыздар ма, құрметті оқырман. Осы сайтқа жазылған барлық оқиғаларды жібермей оқып отырамын. Енді өзім туралы қысқаша баяндап шығайын.

 

Менің жасым 22-де. Осыдан 7 жыл бұрын мектеп жасымда бір жігітпен жүрдім. Бізде басында бәрі жақсы болатын. Мен мектеп бітіріп жатқанымда ол маған алып қашамын, үйленейік деп ұсыныс жасады. Мен келіспедім. Оқуымды оқимын деген болатынмын.

 

Ол маған ерегесіп басқа қызға барып жүрген екен. Сол арада сол қызды екіқабат қылып үйленетін болып шешеді. Мен оның үйленетінін тойға 3 күн қалғанда дос баласынан естідім. Ешкімге сенбей өзінен тіке сұрадым. Ол барлығын түсіндіріп менен кешірім сұрады. Солай жолымыз екіге айырылды.

 

Бірақ мен оны жанымнан артық жақсы көрдім. Жасырын кездесугеде келістім.

Оның тойы өтті, біз жасырын кездесіп жүрдік. Мен оны қатты жақсы көргенім сонша көзім ешкімді, ештеңені көрмеді. Солай жүргенде аяғым ауыр екенін білдім. Алдырайын десем Алладан қорықтым. Бір жағынан өзім де босанып алғым келді. Кішкене нәрестенің еш кінәсі жоқ қой деп босануға бел будым. Әке-шешем естіді. Келесі күні мені басқа қалаға ұшырып жіберді. Айлар өтті, мен босандым. Айдай сұлу қызды дүниеге әкелдім. Бірақ өкініштісі қасымда ұзақ болмады.

 

Алыс туыс әпкем болатын. Сол әпкем бала көтере алмай жүрген соң менен қоймай сұрады. Бауырыма басам өз анасындай боламын, ешқандай қиыншылық көрмейді деп қызымды етегіне ырымдап салды. Атына аударды.

Бұл жағдайдың бәрі маған өте ауыр тиді. Тек сабыр шақырып күнімен-түнімен Алладан кешірім сұраумен болдым.

 

Одан 2 ай өткен соң мені танымайтын бір жігіт алып қашты. Менің жағдайымның бірде біреуін білмейтін. Той өтті мен ақбосаға аттадым, бетім ашылды. Мен барлығын айтам деп шештім. Сол түні айтып тастадым. Мен күйеуімді жақсы көрмедім. Төсек қатынасына да бармадым.

Солай жүргенде ер азамат қой ашуланады, көңілі толмайды. Мені соққыға жықты. Мен ауруxанадан бірақ шықтым. Әке шешемнен қатты қорықтым. Беттеріне қалай қараймын. Шешемнің сөзі құлағымнан кетпеді "өз адамың, ащысын да, тұщысын да бірге көресің, бір шапалаққа бола үйге қайтып келме"деген.

Содан барар жерім, басар тауым жоқ әпкемнің үйіне бардым. Ол xабар әкемнің құлағына жетіп. Әкем өз аяғымен келіп мені жетектеп үйге алып келді.

 

Ендігі жерде әке шешемді жерге қаратпаймын деп өзіме сөз бердім. Оқуымды аяқтадым. Екі мамандық иесімін.

 

Содан бері 4 жыл өтті. Бәріне уақыт емші деген рас екен. Басқаларын ұмытсамда кіп-кішкентай қызым көз алдымда. Иісі, іңгәләған дауысы бәрі бәрі есімде. Сағынып, бір көрсем ғой, бауырыма бір басып иіскесем ғой деп Алладан сұрап жылап та аламын.

 

Енді...қәзіргі жағдайымды айтайын содан бері жігіттермен сөйлессемде бірақ бір салқындық бар ішімде. Ешкімге көңілім бұрмайды. Көңіл қалғандықтан болар. Бірақ әйел заты болған соң армандайсың,тілейсің жақсы жар нәсіп ете гөр,әйел бақытын сыйлай гөр деп.

 

Қазір бір жігітпен араласып жүрмін. Ол бұрын сотталған екен. Мінезі де ауырлау. Ол тұрмысқа шық деп ұсыныс жасап жүр. Алдағы айда тойға дайындалайық дейді. Менің жағдайымды бүге-шүгесіне дейін біледі. Түсіністікпен қарады. Бетіме әлі басып көрген жоқ.

 

Мазалайтын сұрақ оның жұмысы жоқ кішігірім бизнесі бар. Бизнес деп бизнес емес клуб казино сяктылардың тыныштығына жауап береді. Сол үшін ақша алып отырады. Бір сөзбен адал ақша емес. Болашақта қандай жар болады қалай бағады білмеймін.

 

Сіздерден көмек болсын? Ақыл кеңес айтасыздар деген үмітпен жазып отырмын. Сіздерден сөгіс есту үшін емес.

 

Алдын ала раxмет!

 

Аноним

 




Көрілген: 1695    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.04.2020, 18:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30