Отбасы - ошақ қасы

"Сегіз жыл төсек ләззатын сезбедім": Алматылық әйел өзге келіншектерге үндеу жасады

  • "Сегіз жыл төсек ләззатын сезбедім": Алматылық әйел өзге келіншектерге үндеу жасады

  • "Сегіз жыл төсек ләззатын сезбедім": Алматылық әйел өзге келіншектерге үндеу жасады

Танымал сынықшы әрі уролог Ерлан Төреевтің алдына түрлі сырқатпен келетін адамдар көп. Талай науқасты аяққа тұрғызған ол жақында сегіз жыл бойы тұрмысты болса да, төсек ләззатын көрмеген әйелдің хикаясымен бөлісті. Урологтың айтуынша, келіншектің төсек ләззатын сезбеуіне көптеген себептер болған. Дәрігердің нұсқауынан кейін қалыпты төсек қатынасына оралған ол нағыз рахаттың не екенін енді сезіне бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ

"Ол әйелдің басты проблемасы &ndash жатыр түтікшелерінің жабылып қалғаны. Бұл көптеген әйелде кездесетін гинекологиялық сырқат. Мұны гинеколог дәрігерлер де емдейді. Жатыр түтікшелері жабық болса, балалы болу қиындай түседі. Ал кейде еркектің ұрығы мықты келеді де, түтікшеден өтіп кетіп жатады. Жатыр түтікшесінің жабылуына құйымшақтың, сүйектің зақымдануы тікелей әсер етеді. Әлгі келіншектің де құйымшағы жарақаттанған. Соның салдарынан, жыныстық ауруларға жол ашылып, ақыр аяғы, төсектен ләззат алмайтын деңгейге жеткен", - дейді уролог Ерлан Төреев. 

Төсек қатынасынан ләззат алмайтынын айтқан келіншек бүгінде құлан-таза айығып, барлығын енді сезіне бастағанын айтады.

"Сегіз жыл бойы сырқат салдарынан күйеуіммен жақын қатынастың қандай болу керектігін мүлде білмей келіппін. Ұлы сөздің ұяты жоқ, қазір шын мәнінде көзім ашылды. Төсек ләззатының қандай болатынын енді сезіне бастадым.

Өзім жолдасыма пәк күйімде қосылдым. Оның үстіне, қазақ қызы болғандықтан, менталитет те үлкен роль ойнайды. Төсек туралы тақырыптардың бәрі маған жабық әрі ұят болып көрінетін.

Бүгінде бәрінен хабар ала бастадым. Төсектегі ләззаттың қандай болатынын осы жасымда, тұрмыс құрғалы сегіз жыл өткен соң сезіп жатырмын. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, төсекте бір-біріне көңілі толмайтын қанша ерлі-зайыптының жолы екіге айырылып жатыр. 

Сондықтан, барша келіншектерді бұған атүсті қарамауға шақырамын. Бұл жабық тақырып деңгейінен әлдеқайда шықты. Осы орайда, мені емдеп, көзімді ашқан Ерлан мырзаға алғысым шексіз", - дейді атын атамауды жөн санаған алматылық әйел.

Ерлан Төреевтің айтуынша, дүниеге он бала әкелсе де, шын мәнінде төсек ләззатын сезбейтін қазақ әйелдерінің қатары әлі де көп. 




Көрілген: 5374    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28