Сезімге беріліп, күйеуім, екі балам барын ұмыттым...

Сезімге беріліп, күйеуім, екі балам барын ұмыттым...

Қыздар мен қатты қателесіп жүрмін. Не істерімді білмей, адасып, өз өтрігімнен өзім шаршадым. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Маған көмек ретінде өз ой пікірлеріңізді қалдырыңыздар.

 

Түсінікті болу үшін басынан бастайын. Менің отбасым, сүйіп қосылған жарым, 2 балам бар. Біреуден ілгері біреуден кейін жақсы, бақытты отбасымыз деп айта алам сырт көзге ғана. Күйеуім туралы айтар болсам, өзі келбетті, қыз-қырқынның арманы десем де болады. Артық қылығы жоқ. Жұмыс жасайды (вахтамен). балаларын жақсы көреді, өзімді сыйлайды.

 

Осылай жақсы өмір сүріп келе жатқанымызда кенеттен мен бұзылдым. Өз-өзіме ие бола алмадым. Ауылда таныс бір жігіт бар, оның да отбасы, 3 баласы бар. келіншегін де жақын танимын, салеміміз түзу.

 

Бір күні жұмысқа бара жатқанымда ол жігіт машинасымен тоқтап мені жұмысқа апарып тастады. Таныс болғасын анау-мынау аңгіме айттық. Солай қайта-қайта кездесіп қала беретін болдық. вацаппен сөйлесеміз. Бірақ артық әңгіме, жақындық болған емес.

 

Күйеуім жұмыстан келетін күні мен оған "енді вацаппен сөйлеспейік, күйеуім көріп жаман ойлап қалар" деп айттым. Ол сол күні маған мені ұнататынын айтып, ешкімге білдірмей кездесіп тұрайықшы деді. Бірінші орында әрқашан өз отбасыларымыз болады деді. Мен не иә, не жоқ дей алмадым. Шайтан түртті ме, онымен кездесе бастадым.

 

Ол мені жұмысқа апарады, акеледі, оны ұната бастадым. Өзімнің 2 балам бар келіншек екенім ойымнан шығып, бақыттан басым айналып жүрді. Басында күйеуімнің бетіне қарай алмай одан қашқақтадым. Артынан болар іс болды ғой деп көнуден басқа амалым қалмады. Енді не істерімді білмеймін. Қатты ұялам, ажырасқым келеді. Бірақ қалай? Жо-жоқ ойлап қалмаңыздар мына жігітпен бірге болу үшін ажырасқысы келеді деп, жоқ күйеуімнің алдында кінәлі болғандықтан. Мына жігітке " бәрін қояйық, не істеп жүрміз десем, ол менен айрылғысы келетін түрі жоқ. Мені сүйіп қалдым дейді. Білмим қыздар.

 

Маған тіл өтті ме, көз өтт іме немесе біреу осылай дуа жасады ма күйеуімнен аластату үшін, неге осылай етіп жүргенімді білмеймін. Менің өлгім келеді, өйткені жарым мен балаларымның алдында арым таза емес. Тек балаларымды қалай анасыз қалдырамын деп күндіз-түні осыны ойлаймын. Бұл күнәмді қалай жуам? Өзімді қалай кешірем?Күйеуімнен қалай кетем? Өйткені оның көзіне шөп салғаным үшін өзімді өзім кешіре алмай жүрмін.

 

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста