Отбасы - ошақ қасы

Шариғатқа қарсы шықпайын деп оның жолдасына тұрмысқа шықтым...

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері өз некелерін АХАЖ бөлімшесінде тіркетпейді. Олар көбіне ата-анасының келісімінсіз, тіпті тиісті куәгерлерсіз некесін қидырады. Некесі заңды түрде тіркелмегендіктен ер адамдар оған жауапсыз қарап, болмашы себептермен талақ айтып ажырасып жатады. Әйелінің алдында ешбір жауапкершілікті мойнына алмай, оны қараусыз қалдырады.


Жат ағымдағы қыз-келіншектер арасында бірнеше рет тұрмысқа шығып, күйеулерінен «талақ» алып, балаларымен баспанасыз, қамқорлықсыз қалу жағдайлары жиі кездеседі. Жат діни ағым өкілдерінің бұл әрекеттері зайырлы мемлекет заңнамасына да, ислам шариғатына да қайшы әрекет болып табылады. Бұл көріністер негізінен дәстүрлі емес исламдық ағымдардың деструктивті идеологиясын ұстанушылар арасында орын алуда. Жат ағымның жетегіне ілескен Роза діни жолмен үш рет тұрмысқа шығып бәрімен «Талақ» айтып ажырасқан. Қазір ол үш күйеуінен туған екі ұл,бір қызын жалғыз өзі өсіріп жатыр.


Роза ауылда ата-әжесінің қолында өскен қыз. Үлкен кісілердің тәлім-тәрбиесін бойына сіңірген бойжеткен мектеп бітірген соң Алматы қаласында тұратын ата-анасының қолына келеді. Ұлттық бірыңғай тесттен қажетті ұпай жинай алмаған соң жұмыс істеуге бел буады. Сөйтіп, Алматыдағы бір «Халал» дәмханасына даяшы болып жұмысқа орналасады.


«Мен басында осындай дәмханаға жұмысқа кіргеніме қатты қуандым. Бұл жерге тек сабырлы, иманы күшті, адал адамдар келеді деп ойлайтынмын. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Біздің тамақтану орталығымызға көбіне сақал жіберген ер азаматтар мен хиджап киген қыз-келіншектер кіреді. Енді сондай орта болған соң менде стилімді өзгерттім. Намаз оқымасамда солай киінуіме тура келді»,-дейді Роза.


Жарты жылдан соң, Роза маңдайын сәждеге тигізіп, бес уақыт намазын қаза етпей өтеп жүрді. Құдайға құлшылық жасағалы мақсатына жетіп, армандары орындалғандай көрінді.


«Мен намаз оқығаныма ешқашан өкінбеймін. Бұл менің шын сөзім. Алланың құдіреті күшті ғой. Сабырлы болсаң бәрін өзі реттейді. Дәмханадағы жұмысымды қатты ұнататынмын. Мен алғашқы күйеуімді дәл осы жерде кездестірдім. Бір күні түсте бойы ұзын, сымбатты, ешқандай сақал-мұрты жоқ бір жігіт кірді. Шынын айту керек, бір көргенен ғашық болдым. Тамаққа тапсырысты өзім барып алдым. Тіпті өзім танысуға ниет білдірдім. Кейін оның да маған деген сезімі бар екенін байқадым. Содан қойшы бір-бірімізге ғашық болып шариғат жолымен некемізді қидық»,- деді ол.


Роза небәрі 18 жасында алғашқы махаббатына қосылды. Басында бәрі жақсы болған. Екеуіде намаз оқып бақытты болуға серт берген. Алайда, күйеуі берген уәдесінде тұрмады.


«Біздің ұстанған дінде өз әйелін талақ етіп, ағымдас бауырына сыйға тарту әдеті бар. Бұл шариғат заңдары мен исламның моральдық қағидаттарына қайшы құбылыс, оны білемін. Алайда, жолдасыма қарсы шыға алмадым. Ол маған ұялы телефонмен «талақ» сөзі жазылған хабарлама жіберіп, «ажырастық, сен енді менің жолдасыма тұрмысқа шығасың»,- деді. Ол тіпті жақын күндері дүниеге келетін баласына да қарамады. Сөйтіп, шариғатқа қарсы шықпайын деп оның жолдасына тұрмысқа шықтым»,- деп жылады Роза.


Розаның екінші күйеуінің есімі Руслан. Бірақ ол өзінің атын Абдурахим деп өзгертіп алыпты. Ол Роза мен оның ұлын қамқорлығына алды. Екі жылдан соң Роза оған да ұл туып берді.


«Руслан, яғни Абдурахим өте жақсы адам болды. Сыртынан жамандауға болмайды. Екеуміз екі жылдай тату-тәтті өмір сүрдік. Оған шекесі торсықтай ұл туып бердім. Екінші ұлыма алты ай болғанда ол ешкімге ештеңе айтпастан жоғалып кетті. Кейін өзімнің бірінші күйеуім оның Сирияға кеткенін және енді қайтып келмейтінін жеткізді»,- деп күрсінді Роза.


Жалдамалы баспанада тұрып жатқан Розаның пәтер ақысын төлеуге мүмкіндігі болмады. Сөйтіп, ол екі баласымен далада қалды. Барар жері, басар тауы болмаған соң амалсыздан үшінші рет тағыда радикал жігітке тұрмысқа шықты.


«Менің басымнан өткен хикаяны тыңдаудан шаршап кеткен боларсыз. Қысқаша айтып берейін... Екі күйеуімнің жәйін білесіз. Үшіншісіне амалым таусылғанан шықтым. Мен оның төртінші әйелі болып тидім. Екі баламды бағу үшін сол үйдің күңіне айналдым. Көндім, шыдадым. Алайда шыдамның да шегі бар. Бір күні күйеуіме бәрін айтып салдым. Оны менің жағдайыма кіреді деп ойладым. Алайда ол маған бірден «Талақ « деп жауап қайтарды да үйден қуып шықты. Сөйтіп тағы да далада қалдым. Ол кезде аяғым ауыр екенін білмедім. Кейін алдырып тастауға дәтім шыдамады. Босандым. Дүниеге сұлу қыз әкелдім. Содан кейін есімді жидым. Құран кітабын оқуды үйрендім. Сөйтсем менің күйеулерімнің айтып жүргендері, істеген істері дінге мүлдем қарама-қайшы дүние екенін түсіндім»,- дейді Роза.


Әбден адасып, шалыс басқан Роза оңалту орталығына барып басынан өткен қиындықтарын айтып берді. Ол жерде психолог, теолог мамандар оңалту жұмысын жүргізді.


«Қазір жағдайым жаман емес. Балаларымның құжаттарын реттеп жатырмын. Құдай қаласа оларға мемлекеттен жәрдемақы тағайындалады. Өзім де жұмысқа шықтым. Оңалту орталығы маған көп демеу көрсетті. Туған-туыстарымнан кешірім сұрадым. Ата-анам мені кешіріп, немерелерін бауырына басты. Нағыз бақытты енді сезініп жатқандаймын»,- деп әңгімесін аяқтады.


Мұндай көріністердің жиі орын алуына әйелдердің діни және құқықтық сауатының төмендігі де өз әсерін тигізіп отыр. Некелері мемлекеттік АХАЖ органдарында тіркелмеген әйелдердің және олардың балаларының құқығы мемлекет қорғауынан тыс қалып қоюда.


Осыған орай, қазіргі таңда орта және жоғары білім беру мекемелерінде, жастар пайдаланатын ақпарат көздерінде, мешіттерде жастарға неке және отбасына қатысты заңнамаларды, дәстүрлі діни танымды, ұлттық отбасылық құндылықтарды түсіндіру шараларын кең көлемде ұйымдастырып жатыр. Отбасын асырап-сақтау және ұрпағына жақсы тәлім-тәрбие беру әрі азаматтық міндет, әрі мұсылмандық парыз екенін өскелең буын білуі тиіс.


ҚазАқпарат


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 2938    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 20:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31