Отбасы - ошақ қасы

Ішімдегі 8 айлық баламен ол мені тастап кете барды

  • Ішімдегі 8 айлық баламен ол мені тастап кете барды

    Ішімдегі 8 айлық баламен ол мені тастап кете барды

 Мен сүйген жігітке тұрмысқа шыктым, сүйіп қосылдық. Ата-енеммен 4 күн тұрып, Алматыға күйеуім екеуміз кеттік. Онда ағасы мен жеңгесінің үйінде тұрдық бір жарым айдай. Бірінші ұрыс енемнің айтуымен  күйеуім маған алғаш рет қол көтерді, аузым қанап кетті. “Жарайды” деп назар салмадым. Сөйтіп құрбыларыммен араласуға тыйым салды. Құрбыларыңмен араласасың деп ұялының қуаттағышымен ұра бастады.

Сөйтіп жүріп екеуміз бөлек пәтерге көштік. Мен қуанып үй боламыз деп жүргенде жүкті екенімді білдім. Жеңгесі қонаққа үйіне шақырды. Мен жұмыстан кеш шыққан едім. Қыс, жол тайғақ. Күйеуіме түн болып қалды, келесі бірде барармыз деп айтқаным сол еді, мұзға итеріп жіберді.Б аламыз түсіп қалама деп қорқып кеттім. Бірақ Аллаға шүкір аман қалды. Кейін тағы жарасып кеттік. Қайтадан жаңа, қымбаттау пәтерге көштік. Бұл пәтерге көшкенімізді күйеуім жақтырмады. келген күні ”Есікті неге тезірек ашпайсың? Неге заттарды көтермейсің?” айқайлап, итеріп жіберді. Бетім көгеріп қалды. Сөйтіп жүріп тағы жарасып кет тік. 

Бір күні тәтесі қонаққа шақырды.Сол күні түнде қатты ашуланып ,”неге аяғыңды дұрыстап басып жүрмейсің “деп айқайлады. «Айқайлай бермеңізші енді...» дей бергенім сол, «неге сөз қайтарасың?» деп ұрмақшы болды.Қорыққанымнан баланы өлтіріп қоясың деп лифтіге қарай қаштым. Артымнан қуалап кеп 6 этаждан 9 этажға дейін көтеріп сүйреп, жерге лақтырып жіберді. Баламыз өлді деп ойладым. Бетім көгермек түгілі қанталап кетті. Шыдай алмай ата-анамды шақырдым. Ата-анам екеумізді жарастырып кетті. Күйеуім "ұрмаймын" деп уәдесін берді. Дегенмен бұл жағдай қайталанып, күйеуім ұра бастады. Ішімдегі бала кеміс немесе жынды болып туылмасын деп,үйден қашып кеттім. Сөйтіп күйеуіммен заңды түрде ажырастым. Ол алимент төлемеймін деді. «Мақұл» деп оған да көндім.

Ата-енем "не болып қалды, не жанжал?" деп хабарласпады да. Күйеуім болса басқа жас қызға үйленем, бала да, сен де керек емессіңдер, ата- анам разы емес деп бетіме айтып кетті. Абыроймен тұрмысқа шығып отырсам да, ата- енеме сөз қайтармасам да, енді баласына отбасыңды сақтап қал деп ақыл  айтудын орнына , “қолынан түк келмейтін келін “деп “келін, немере керек емес” депті.

Жас келінді бір жыл болмай “қолынан түк келмейді” деп қуып жіберген ұят нәрсе деп ойлаймын. Жасым 22-де.Үйдің еркесі болып өстім. Осының бәрін біліп тұрып келін етті. Қолымнан дым келмейді емес, үйреніп қалып едім. Күйеуім пловды керемет жасайтын болыпсың деп мақтайтын еді.

Ішімдегі бала 8 айлық болған кезде көзімді бақырайтып тастап кете барды. Күйеуім мені іздеп таппақ түгіл игнор жасап, нөмерін ауыстырып тастапты. Жаңа өмір бастап қыздармен тайраңдап сөйлесіп жүр. Ал мен ше? Менің өмірім ше?Баламыз ше? Сүйіп қосылып, маған қолы әрең жеткен, түк болмағандай қалай бәрін теріске шығарады? Сене алар емеспін, енді не істеймін? Алдым тұман, артым бұлыңғыр.

 

 

Жәмила
 




Көрілген: 3520    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 19:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31