Отбасы - ошақ қасы

Ішімдегі кінәсіз шарананың жазығы не?

  • Ішімдегі кінәсіз шарананың жазығы не?

    Ішімдегі кінәсіз шарананың жазығы не?

Сəлеметсіздер ме! Айтайын дегенім, жасым жиырма екі  жаста. Сарыағашқа тұрмысқа шықтым. Күйеуім Атырауда вахтада жұмыс істейді. Ене , атаммен бірге тұрамын. Күйеуім ылғи жұмыста. Айдың жарымынан көбін далада өткізеді. Екі ай болып қалды. Үйге келмей жүр. Жұмыс қауырт деп, əңгімеден қашып жүр.  Күйеуім біреумен жүріп жүргендей сезініп жүрген жайым бар. Арамыз суып кеткендей. Келгенінде де құшақтап, мейірленіп мені жар жылуына бөлемейді.

  Былтыр  екі егіз сəбиді өмірге əкелгенмін. Енді жақында тағы да  аяғым ауыр екенін білдім.  Дəл қазір бала тууды  қаламаймын. Тағы бір бала   тəрбиелеуге дайын емес сияқтымын. Соңғы кезде жүйкем ширыққаны сонша, өзімді-өзім ұстай алмай жүрмін. Баламен үйде отырғаннан ба? Бір түрлі көңіл-күйім түсе береді. Əлі ешкімге жақ ашқан жоқпын. Күйеуімнің де салқындауы кəдімгідей менің көңілімді  түсіріп тастады. Бірақ...Күнə жасағым келмейді. Жолдасымның хабарынсыз алдыруға жүрексінем. Үзілейін деп тұрған қарым-қатынасқа өзім нүкте қойып алармын деп қорқамын...

Ішімдегі кінәсіз шарананың жазығы не?Мына жарық дүниені  сыйламай құрта салуға дәтім барар емес.Не істеймін?Ақыл беріңдерші.


Дереккөз: el24kz




Көрілген: 3540    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 02:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31