Отбасы - ошақ қасы

Шымкенттік әйел күйеуін алты баласымен бірге тастап кеткен

  • Коллаж: NUR.KZ

    Коллаж: NUR.KZ

Шымкенттік Қуандық Серікбаев өзі мен алты баласын тастап кеткен жан жарына іздеу салады. Айтуынша, былтыр Алматыға жұмысқа кеткен жұбайы сол кеткеннен үйіне қайта оралмаған деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Ер адамның денсаулығы сыр бергендіктен, әйелінің үйден кетіп қалғанын, KAZ.NUR.KZ тілшісіне оның туыстары баяндап берді.


Айтуларынша Жанар есімді жеңгелері күні бүгінге дейін алты баласымен де араласпайды екен.


"Кішкентай кезінде ағамыз есектен құлап, қолын сындырып алған. Қолы қисық, денсаулығында да ақаулар бар. Асқазанда жарасы бар. Оның үстіне кезінде оқи алмаған.


Тіпті сағаттың да қанша болғанын білмейді. Ағамыз өте жуас адам, ұру былай тұрсын, өзі зорға жүрген адам.


Жұмыста жоқ, баласының жәрдемақысына күн көреді, жұмысқа жарамайды, өзі жақында ғана есінен танып, ауруханаға жатып шықты. Тамақ пен балаларды асырауға біз көмектесіп тұрамыз. Жағдайы нашар, асқазанында жарасы бар. Мүгедектікке құжатты енді алайын деп жүрміз", - дейді ер адамның туыстары.


Алматыға жұмыс іздеп кетіп, кейін үйіне оралмаған жеңгелері Жанар Серікбаеваның әрекетін туыстары еш түсінбейміз дейді.


"Былтыр сәуір айында Алматыға жұмыс істеймін деп кеткен, сол кеткеннен оралмады. Арасында үш-төрт айда бір үлкен қызынан хал білісіп тұрған екен. Кейін әлеуметтік желіде де жазбайтын болған, сөйтіп хабарсыз кетті.

Бір баласы мүгедек, соған жәрдемақы алады. Сол баласының картасын алып кетіп қалған.


Сөйтіп жәрдемақыны өзі алып жүр қазір. Халық көріп жатса, мүмкін табуға көмектесер. Бір жылдан астам уақыт бойы баласына қарамай кеткен не сұмдық?", - дейді хабарсыз кеткен келіншектің қайын жұрты.


Жанар Серікбаева жайлы кімде-кім ақпарат білсе, келесі телефон номеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 8 702 503 90 65 




Көрілген: 1809    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 13:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30