Сіңлімнің жігітімен жатып қойдым...

Сіңлімнің жігітімен жатып қойдым...

Құрметті «Алаш айнасының» тұрақты оқырмандары, бүгін қолыма қалам алып өзегімді өксіткен өкінішті айтып, сырласпаққа бел будым. Тағдырдың жазғанынан ешқайда қашып құтыла алмайды екенсің. Менің де өмірімде үш ұйықтасам түсіме кірмеген оқиғалар орын алды. Мына жарық дүниеде жігіт құрып қалғандай, сіңілімнің жігітіне ғашық болдым.

 

Осыдан екі жыл бұрын күйеуім жол апатынан қайтыс болып, екі баламды жетектеп төркініме көшіп келдім. Күйеуміз екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Сыртымыздан қараған адамдар бізге қызыға да қызғана қарайтын. Екеуміз ауылдың махаббат дастанына айналдық. Бірақ, менің бақытты күндерім ұзаққа созылмады. Тағдырымның жазғаны осы болар. Амал нешік...

 

Төркініме келдім деп қуана да алмадым. Себебі, үйде анаммен бірге үлкен ағам өзінің отбасымен бірге тұратын. Олардың өздерінің бес баласы бар. Оған мен екі баламмен қосылдым. Бәрі де бір үйдің еркесі мен серкесі. Үйде күнде айқай-шу басталды. Балалар ойнап жүріп бір-бірімен төбелесіп қала беретін болды. Ал, жеңгем болса олардың ортасына түсіп, екеуміз ренжісіп қала беретін болдық.

 

Анам менің сөзімді сөйлеп жеңгеммен ренжісіп қала беретін еді. Сөйтіп, жүргенде Астанада жұмыс жасайтын сіңілім үйге еңбек демалысына шығып келді. Біздің жағдайымыздың шет жағасын ол да байқап қалды. Содан, сіңілім маған «мұнда не бітіресің, оданда Астанаға жүр. Сол жақта жұмыс жаса, ешкімге масыл болмай өз күніңді өзің көр. Мен саған көмектесемін. Балаларыңды да сол жаққа мектепке орналастырамыз» деп айтты. Анам, сіңілім үшеуміз ақылдаса отырып, мен сіңіліммен бірге әсем қала Астанаға кететін болып шештім.

 

Балаларымның мектепке баратын құжаттарын дайындап, мен де сіңіліммен бірге жолға шықтым. Астанаға барысымен сіңілім таныстарымен сөйлесіп мені бір фирмаға есепші етіп жұмысқа орналастырды. Мен балаларыммен бірге сіңілімнің үйінде тұрып жаттым. Үйдің маңындағы мектептің біріне балаларымды орналастырдым. Ауылдағы күнделікті кикілжіңнен құтылып, мамыржай өмір сүре бастадық.

 

Күндеріміз қызықа толы өтіп жатты. Біз төртеуміз бақытты едік. Сіңілім сөз арасында жігітінің бір жылға шетелге кеткенін айтып жүрді. Алғашқыда мен оған көп мән бермейтінмін. Оның сөзінен, жүзінен балбұл жанған бақытты көріп, қызыға қарайтынмын. Алладан сіңілімнің бақытының баянды болуын тілейтінмін.

 

Уақыт деген зымырап өте шығады екен. Көзді ашып жұмғанша бір жыл да өте шықты. Бір күні үйге жұмыстан келсем, үйде бір ер адамның аяқ киімі тұр. Алғашында туысымыз келген болар деп ойладым. Есіктен кіріп келсем, төрде ұзын бойлы, алып денелі, қыр мұрынды қара торы келген жігіт отыр. Ол жігіттің сұлулығына ұзақ қарап тұрсам керек. Бір қарағанда менің бұрынғы күйеуіме ұқсап кетеді екен. Тура бір көз алдыма жолдасым қайта тіріліп келгендей денем дірілдеп, қалшиып тұрдым да қалдым.

 

Сіңілім қасыма келіп «әпкетай танысып қой бұл сенің болашақ күйеу балаң» деді. Ол сөзді естігенде төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Себебі, мен оның сіңілімнің жігіті болғанын қаламадым. Отырып бәріміз шәй ішіп сөйлестік. Ол сіңіліме үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Екеуі болашаққа үлкен жоспар да құрып қойған екен. Сіңілім маған өзінің қуанышын айтып мәз-мейрам. Сіңілімнің жігіті алыс сапардан бәрімізге де сыйлық алып келіпті. Балаларым оған қуанып жүр. Олардың күлкісін көріп мен де қуанып қалдым.

 

Сол күнен бастап менің ойымнан сіңілімнің жігіті кетпей қойды. Жұмыста отырсам да соны ойлаймын. Үйге қарай асығамын. Үйге ол келіп мені күтіп отырғандай болады. Ол бізді киноға апарды. Әсем қала Астананы да аралатты. Күнде кешкісін сіңілімді жұмыстан және менің балаларымды мектептен алып қайтады. Олар мені де келіп алып кететін болды. Мен соған кәдімгідей үйреніп қалдым.

 

Сөйтіп жүргенде балаларым жазғы демалысқа шықты. Оларды ауылға апарып тастау керек болды. Мен ауылға бармаудың амалын жасауға кірістім. Жұмыстан келіп сіңіліме «мені жұмыстан жібермей жатыр. Бізде тексеру болады. Сен кішігірім бастықсың ғой, балаларды өзің апарып тастарсың» деп айттым. Сіңілім бірден келісті. Жігіті оларды ауылға шығарып салды. Сіңілімнің ойында арам ойы жоқ, жігітіне «мен жоқта менің апайыма барып жағдайын сұрап тұр. Жалғыз өзі іші пысып кетпесін. Сенбі күні апатайым бір тойға барады, кешкісін алып қайтарсын» деп жігітіне мені аманат етіп тастап кетті.

 

Сіңілімнің жігіті күн сайын маған хабарласып жағдайымды біліп тұрды. Қолы босағанда мені жұмыстан алып, үйге апарып тастайтын болды. Мен оның бұл ісіне қатты қуанып жүрдім. Өзімді оның қасында бақытты сезіндім. Ол сіңілімнің емес, тура бір менің жігітімдей қарайтын едім. Жұмыстағы бір құрбымның тойына бардым. Қыздармен отырып шарапты біраз сілтеп жіберіппін. Өзімнің мас болып қалғанымды сыртқа шыққанда ғана білдім. Сіңілімнің жігіті сөзінде тұрып мен үйге жеткізіп тастауға келді. Көліктің есігін ашып, мені тосып тұрды. Қасымдағы қыздар оны көріп, маған қызыға қарады. Бетімнен сүйіп қоштасқан қыздар «жігітің ба?» деп сұрап үлгерді. Бірақ, мен оларға сіңілімнің жігіті деп айта алмадым. «Иә» деп басымды изедім.

 

Жол бойы ол сіңілім туралы айтып келеді. Оның бір сөзін естісем, екінші сөзіне мән берер емеспін. Басым айналып, жүрегім айнып зорға отырмын. Үйге келіп, көліктен түсейін десем, аяғымды баса алар емеспін. Өзімнің жүруге шамам келмей тұрғанын байқаған ол дереу менің қолтығымнан сүйеп үйге кіргізді. Диванға отырдым да «өкпем қысылып барады, менің қасымда болшы» деп өтіндім. Тойға киген көйлегімді шешуге көмектесуін өтіндім. Ол ойында арамдығы жоқ, мені қысылып тұрған болар деген оймен көмектесті.

 

Мастықпен сіңілімнің жігітін құшақтап сүйе бастадым. Ол менен мұндай әрекетті күтпесе керек, шошып кетті. Ол қанша менен сытылып шықпақ болды. Бірақ, мен оның әлсіздігін пайдаландым. Еркек адам, әйел заты өзі мойнына асылғанда, шыдай алмасы белгілі емес пе?! Оны да алдамшы сезім жеңді...

 

Ол өзінің жасаған әрекетіне қатты қысылып, орнынан тұрды да «қазір саған су алып келемін» деп шығып кетті. Содан үйге қайтып келмеді. Біраз күн хабарласпай да кетті. Мен мастықпен жасаған әрекетіме қатты қысылдым. Бірақ, мен оны әлі де жанымнан артық сүйемін. Сіңілім келетін күні ол маған қоңырау шалып «менің жаныма ешнәрсе де айтпай-ақ қоялық. Бәрі де біздің арамызда қалсын. Мен сізді түсінемін» деп айтты.

 

Сіңілім келді, қазір олар тойдың қамына кірісіп кетті. Сіңілімнің ойында ешнәрсе жоқ. Маған сырын айтып, қуанып мәз болып жүр. Ал, менің болса жүрегім қан жылайды. Жаңа жылдан кейін олар үйленіп бөлек кетеді. Біз енді туыс боламыз.

 

Мен оны сіңілімнен қатты қызғанамын. Өзімді әзер дегенде ұстаймын. Ол сіңілімнің қасына жақындап, күліп әңгіме айтқанын көргенде өзімді қоярға жер таппай кетемін. Олар үйленіп, үйлі болғанда қайтемін? Өзегімді өртеген махаббат отын не істеймін?! Сол түннен кейін оған деген махаббатым күшейе түсті. Оған шын ғашық екенімді сездім.

 

Әлде сіңіліме барлық шындықты айтсам ба екен?! Шындықты айтып жеңілдеп қалар ма екем?! Шындықты сіңіліме айтсам, ол мені түсінер ма екен?! Сіңіліме айтқанмен де, ол маған келмейтіні белгілі. Сіңілімнің жігіті менің оған деген сезімімді біледі. Білсе де, білмеген кейіп танытады. Ал, сіңілім одан мүлдем бейхабар.

 

Құрметті «Алаш айнасының» тұрақты оқырмандары, менің басыма түскен осы бір жағдай біреуге таныс болса, енді екінші біреуге таныс болмас. Өзімнің махаббатым үшін бәріне де баруым керек пе?! Әлде сіңілімнің бақыты үшін оны жүрегімнің түбіне сақтап, жүре берейін бе?! Қазіргі таңда, осы бір оймен арпалысып, балаларыма да қарауға шамам келмей кетті. Мен де әйелмін. Менің де бақытты болғым келеді. Ақыл қосыңыздаршы оқырман қауым...

 

 

 

 

Автор: Әлия, Астана

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста