СӨЗГЕ ЕРГІШ ӘЙЕЛДІҢ ЖАН СЫРЫ

СӨЗГЕ ЕРГІШ ӘЙЕЛДІҢ ЖАН СЫРЫ



"Жазира, ертең кешке ауызшар берейін деп едім, заказ қабылдашы" деген СМС келген ватсапқа клиентімнен. Мен оның клиентімін, ол менің клиентім. Ол киім сатады. 1, 5 жыл бұрын танысқанбыз.
Таңертең базарға барғасын сатканымды сатып, сатпағанымды жанымдағы келіншекке тастап клиентіме заказдарын апаруға кеттім. Базарға жақын жерде тұратын.
- Жақсы келдің, Жазира, үйге кір, бірге обед ішейік, - деп ұсыныс тастаған соң, жарайды деп келістім.
Кешке қонақ күтейін деп жатқаны дайындығынан көрініп тұр. Бір ұл, бір қызы барын, күйеуінен ажырасқан екенін білемін. Бірак қанша келсемде үйде балалары болмайтын. Ананы-мынаны айтып отырып, әңгіме ауаны балаларына көшті. Балаларын айтканда сондай бір сағынышпен айтты.
- Қашан келсемде балаларың үйде болмайды ғой, олар қайда? - дедім.
- Балаларым әкесінде, әкелерімен бірге тұрады, ажырасқанда солай шештік, - деді. Одан әрі сұрағым келіп, бірак ұялып отырғанымды түсінгендей:
- Жазира, сенің блогер екеніңді білемін. Өзім сенің достығыңда болмасам да, жанымдағылар сені ФБ арқылы біледі, таниды. Мен туралы білгің келіп отырғанын білемін. Тыңдаймын десең айтайын, бірақ жазар болсаң есімімді жазбассың, - деді.
- Қой, жоқ, есіміңді жазбаймын, - дедім менде.
***
- Жарайды онда. Мен негізі қаланың кызымын. Көп балалы отбасында өстім. 7 баламыз. Өз әкем 1 жасымда қайтыс болып, анам 2 ұл 1 қызбен екінші рет тұрмыс құрған.
Өгей әкем туған әкемнен кем болмады, ешқашан ағам үшеумізге өгейлігін көрсетпеді. 2002 жылы 22 жасымда ауылдық жерге өзімнің сүйген жігітіме группаласыма күйеуге шықтым. 2004 жылы ұлымыз дүниеге келді. 7 жыл ата-енеммен бірге тұрдым.
2009 жылы күйеуімнің жумысымен Оралға көштік. Қызым дүниеге келді. Өзім де жұмыста болдым. Күйеуім керемет жігіт болатын, - деп көзіне келген жасты сүртті.
Аңқиып мен отырмын. Әңгіме қызды.
- Өзім құрған отбасымның түбіне өзім жеттім.
- Қалайша?
- Мен негізі сөзге ерме адаммын. Жанымдағы бойдақ құрбыларыма еріп кафеден шықпайтын болдым. Күйеуім жібергісі келмесе де көңілімді қалдырмайтын.
"Ой, ол күйеуден несіне сұранасың, өз билігің өзіңдегі адам емессің бе, жассың, қыдыр" деген сөздерге еріп, ұрыс шығарып та жүрдім.
Сөйтіп кафелетіп жүргенде жас жігітпен танысып, ойым бүлінді. Соны көргім келіп, аңсарым ауып тұратын. Арғы жағы белгілі ғой енді.
Ия,ия. Балаларымды, күйеуімді де бір шетке ысырып тастадым. Бармайсың десе де айқаймен шығып кететінмін. Күйеуімде сезіктенді, бірақ қолымен ұстап, көзімен көрмегесін үндемей жүре берді.
- Сонда күйеуіңмен сүйіп қосылсаңда басқамен жүріп кеттің бе? Және күйеуіңнің үстінен?
- Ой, Жазира басыңа бермесін, бірақ шайтан азғырса жаман екен.
- Содан?
- Жаңағы жас жігітпен жалдамалы квартирадан шығып келе жатқанда алдымнан күйеуім шығып қалды. Білмеймін кездейсоқтық па, білмеймін артымнан аңдыды ма - ол жағы сол белгісіз күйде қалды. Ештеңе демеді, қап-қарасы шығып кері бұрылып кетіп қалды.
Мен сонда да өзімдікін дұрыс санадым ба, селт етпедім. Жұмыстан шығып үйге бардым да киімдерімді жинастырдым. Күйеуіме ажырасатынымды айттым. Ол ұрмады да соқпады да: "Бәріне балаларымыз үшін көзімді жұмамын. Ешкімге ештеңе демеймін. Білемін, адастың, шатастың. Бірақ қазір кетсең кері қабылдамаймын. Сондықтан кетпе, қал" деді.
Бірақ мен тыңдамадым, жігітіме кетіп қалдым. Біздің ажырасатынымыз сең соққандай қылды. Ата-анамыз есеңгіреп қалды. Екеумізді шақырып алып сөйлескенмен ештеңе шықпады. Балаларды ортаға салды. Себебін сұрағанда, күйеуім: "Кінә менен, мен басқамен шатыстым" деді.
Солай 13 жыл дегенде 4 жыл бұрын өзім құрған бақытты шаңырағымды өзім ортасына түсірдім. Балаларым әкесінде қалды. Бірақ сол уақытта өзім дұрыс деп есептегенім қате болатынын мен дер кезінде ұқпаппын. Қатты қателескенімді маңдайыма шаң тигізбей өсірген әкем өмірден өткенде бір-ақ білдім.
Бетін көзінен аққан жас жуып кетті. Мағанда өксік кептелді.
- Ата-анаң білдіме басқамен жүргеніңді?
- Біздер екіге бөлінгеннен кейін көп уақыт өтпей акем больницаға түсті. Қалін білуге бардым. Теріс қарап үндемеді. Денсаулығы жақсарды деп үйге шығарды. Тағыда халін білуге барғанымда жұмыс бөлмесіне шақырды.
Әкем көп сөйлемейтін. "Қызым, жұмысыңды ауыстыр" деді. "Не үшін?" дегенімде, "Өзің тарбиесіз, көргенсіз бола тұра біреудің баласын калай тәрбиелемексің? - деді теріс караған күйі.
Біраз үнсіз отырып:
"Қызым, мен соқыр адам емеспін. Көзі ашық адаммын. Күйеуіңнің сені ұятқа қалдырмайын деп өзін кінәлі кылғанын білемін. Канша жерден жасырсаңдар да сенің отбасылы бола тұра от басқаныңды білемін. Егер күйеуің кінәлі болса сен баланы бермес едің. Сен, тіпті, балаларың үшін қайғырмадың да ғой. Қандай керемет, бакытты отбасы едіңдер. Күйеуің қандай азамат еді. Сондай, екеудің біреуінде бола бермейтін бақты өзің құрттың ғой, ақылсыз қызым-ау. Екі балапаныңды бір сәттік ләззат үшін ұмыттың ба? Өзің ұстаз бола тура қызыңды неге ойламадың? Ертеңгі күні күйеуге тиер болса, ойнас жасаған келіншектің қызы деп айтады ғой. Еркекті еркек қой деп ақтап жатамыз, сені не деп ақтаймыз. Еркектің жасағаны ұмытылады, қызым, бірақ әйел затының жасағаны ешқашан ұмытылмайды. Ол өмір бойына арыңа түскен дақ болып қалады. Бетіңе қонған шыбынды қағып, маңдайыңа шаң тигізбей, табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп барымша еркелетіп өсіріп едім. Үмітімді ақтамадың ғой, қызым-ау, - деп айтқанда ештеңе дей алмастан үйден шығып кеттім.
Сол әңгімеден соң әкемнің денсаулығы нашарлай берді. Аурауханаға барып жылап отырып кешірім сурадым.
"Қызым, мен әкемін, балапанымның қателігін әркез кешіремін. Балаларым кешірсе екен деп тіле. Енді әр қадамыңды аңдап бас. Сөзге ерме. Кәмпитке алданған жас баладай тәтті сөздерге ере берме. Айналаңа жиналғанның барін дос деп сенбе. Балаларыңды ойла. Есің барда еліңді тап, отбасыңа орал, күйеуіңе қосыл. Мен кешірдім, өзіңді кешір" деп қолымды қатты қысты.
Солай 2 айдай уақыт өткесін о дүниеге кетті. Әкемнің осыншама аз уақыт ішінде дүние салуына менің кінәм бар екеніне өкінем. Менің жасағанымды ауыр қабылдады. Ол мені кешіргенмен мен өзімді әлі кешіре алар емеспін. "Өзің тәрбиесіз бола тұра, басқаның баласын қалай тәрбиелемексің" дегені ойымнан кетпейді, - деп еңкілдеп жылап жіберді. Жұбатқандай болдым.
- Күйеуіңмен қосылмадың ба? - дедім сәл өзіне келгесін.
- Ажырасқан соң балалар үшін деп қосылғанбыз. Күйеуім бетіме баспаса да мен өзімді ыңгайсыз сезіндім. Күйеуімнің, қайын жұртымның бетіне тіке қарай алмадым. Содан түбегейлі осы Ақсайға көшіп келдім. Әкемнің айтқанынан соң мұғалімдікті тастап, саудаға шықтым.
Өзің білесің ғой. Балаларымды алуға оқталмадым. Мамалағанмен әкелеріне жақын екеуі де. Маған каникулда келеді. Бұрын "воскресный папа" болса, мен "воскресная мамамын". Күйеуім де бойдақ. Менің жасағанымнан кейін "аузы күйген үрлеп ішеді" деп жүрсе керек екінші рет жанұялы болуды ойлап та жүрмеген сыңайлы.
Қазір өкінем, бірақ болар іс болды. Сол уакыт қайта келсе сол қателікті кері қайталамас едім. Бірақ өткенге кері шегініс жоқ. Еркекті жылы жауып қойдым қазір. Сөйтіп сөзге ермелігімнің кесірінен басымдағы бағымды тамырымен жұлдым, - деп әңгімесін аяқтады.
Солай, әйтеуір бір күлдік, бір жыладық. "Әлі-ақ бакытты боласың ғой" дегеннен асып, ештеңе айта алмадым.
Әр адамның маңдайына Алла Тағала қандай тагдыр жазады, солай болады. Сөзге еру деген жалпы жаман ғой". 

 

Авторы: Жазира Аскар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста