Студент жігіт қызының «сенікі кішкентай» деген сөзінен кейін жыныс мүшесін кесіп тастады (ВИДЕО)

18 сәуір 2018, 11:04

Қытайлық студент қызының «сенікі кішкентай» деп мазақтағанынан кейін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған деп жазады The Sun.

Кадрда жігіттің жалғыз футболкамен тұрғаны анық көрінеді. Ал аяғынан қан сорғалап тұр.
Оқиға Қытайдың оңтүстік шығысындағы колледждердің бірінде болған. Полиция қызметкерлері жеткенде жігіт ішімдік ішпегені анықталды.

Ал куәгерлер болса оның жүріп жүрген қызы екеуі ұрсысып қалғанын айтады.Колледж басшылығы да болған істі растап отыр. Олар жігіттің дәл қазір ауруханада екенін жеткізді.

sn.kz