Отбасы - ошақ қасы

Студент кездегі «жүрісім» алдымнан шықты

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Араға 25 жыл салып барып, шаңырағымның ойраны шығады деп ойламап едім. Енді не шара, бұл дүниеде «мүмкін» емес демеңіз, бәрі де мүмкін екен.

 

«Өлердей өкінемін! Ойнақтап жүріп, от бастым. Қазақ емес, қайдағы бір қаңғып келген негрлермен төсектес болғаныма.
Басынан бастайын. Менің оқиғам мынау еді:

 

Ауылдан келіп оқуға түстім. Бір бөлмеде жоғары курста оқитын екі қызбен бірге тұрдым. Олар өте ажарлы, сымбатты қыздар еді. Жігіттер жиі келетін.

 

«Фу, өңкей жалаңаяқтар, тек тамақ, шай ішуге келеді» деп, келген жігіттерді бұлар менсіне бермейтін. Өзі сол жылдары ҚазМУ-де шетелдіктер көп оқыды ғой. Негрі де, арабы да, ауғаны да дегендей. Әлгі екі қызды көбіне, солар қонаққа жиі шақыратын. Шетелдіктер десе, екеуі де «ұшып» кетеді. Көбіне, соларға қонаққа барып, кейде келмей, қонып қалады. Олардың бұл тірліктеріне алғашында үрке қарап жүрдім. Жүре келе, олар мені де ертетін болды. Барғым келмейтін. Ақыры, көндірді ғой.

 

Бір күні бір шетелдіктің туған күніне бардық. Көңілді отырдық. Ішпеймін дегеніме қарамай, бірер рюмка шампан мен шарапты араластырып жұтқызып жіберді. Шала маспын. Билеп жүрміз. Шетелдіктер бізге қарағанда, сауықшыл ғой. Біресе анасы, біресе мынасы келіп биге сүйрейді. Әбден масайдым.

 

Бір есімді жиғанда, сау кезінде «ухажер» болып жанымда отырған негрдің қойнында тыр жалаңаш жатырмын. Ауырын-ай иттің. Алып денесімен астына салып, умаждап жатыр.

 

Бөлмеде жалғыз мен емес, тағы да екі-үш қыздың негр достарының астында ыңырсып жатқанын байқадым. Олар таң атқанша бөлмедегі қыздарды кезек-кезек ауыстырып шықты.

 

Жел көтермеген етегімді, сөйтіп, қара негр көтерді. Ертеңінде өлейін деп ойладым.

 

Бірақ жан тәтті екен. Жанымдағы қыздар: «Кіммен қыдырсаң да, кіммен жатсаң да, өз еркің өзіңде. Елдің шаруасы қанша? Қайта, шетелдіктермен жүрсең, ұшан-теңіз пайда» деп, басу айтысты. Олардың айтқанынан асып кете алмадым. Расында, ол заманда әйелдер боянатын бояулар, түрлі киім-кешектер дефицит еді. Сол шетелдіктермен араласқанның арқасында, олар бәрін тауып беріп жататын. Ақыры екі қыздың айтқанымен жүрдім. Қысқасы, солармен бірге былықтым. Темекі тартып, арақ ішуді үйрендім. Шетелдіктермен қыдыру, солармен бірге қонып қалу әдетке айналды.

 

Сөйтіп, жүргенде оқудан шығарып жіберді. Ауылға қайтып баруға арланып, жұмысқа тұрдым. Әйтеуір, дұрыс дос қыздар кездесіп, солардың арқасында адам болдым. Тұрмысқа шықтым. Өмір, сөйтіп, өтіп жатты. Тұңғыш ұлым 25-ке келді. Қызым 22-де. Өткеннің бәрі ұмытылған. Тәп-тәуір, тату отбасы едік.

 

Бірде күйеуім: — басымыз әлі жас. Ұл ертең үйленеді. Қызымыздың да тұрмысқа шығар уақыты тақап қалды. Ертең үйде сопайып екеуміз қаламыз. Әлі де бала тууға мүмкіндігің бар ғой. Талпынып көрсек, қалай болады дегені.

 

Не дейін? Қарсылық білдірмедім. Жасы елуге келіп те балалы болып жатқандар бар ғой. Оларға қарағанда, әлі жаспын. Бала көтердім. Тоғыз ай өтіп, босанғанда бар сұмдық басталды ғой. Акушерлердің өздері шошып қалды.

 

Бір уыс қап-қара бір пәле. Шыңғырып жібердім. Босанғаным қап-қара негр бала еді.
Отбасым менен теріс айналды. Перезентханадан шыққан бойда қаңғып қалдым.

 

Күйеуім: «көзіме шөп салып, негрмен жаттың», деп кінәласа, ұлым мен қызым: «бұзылған шеше бізге керек емес», деді.

 

«Бұл қалай болды?» деп дәрігерлермен кеңестім. Бар шындықты айттым. Студент жылдары негрлермен төсектес болғанымды жасырмадым. Психолог дәрігер өте байыпты адам екен. Айқандарымды тыңдап болған соң, «жастарың елуге таяп қалған адамсыңдар. Күйеуіңнің де бел қуаты қайтқан. Ұрығы әлсіреген.

 

Ал сенің жатырыңда баяғы қуатты негрлердің ұрығы сақталып қалған. Бұл соның әсері» деп түсіндіріп берді.
Сөйтсек, мұндай жағдай ілеуде бір кездесіп тұрады екен. Күйеуім мен балаларым кешірмеді: «бүгін жатпағанмен, бұрын жатқансың. Көргіміз келмейді» десті, олар.

 

«Сен көрінген шетелдікпен төсектес болғаныңды өмір бойы жасырып келдің. Мені алдадың. Бұзылған қаншық» деп, күйеуім мені көрген сәтте шыдамай, жұдырық жұмсайды. Оныкі дұрыс. Қайта, ашу үстінде мені өлтіріп тастаса екен, деп тілеймін.

 

Бала туамын деп, басым бәлеге қалды. Шаңырағым ойран болды. Жас кезімде ойнақтап жүріп от басқаным алдымнан шықты. Мен үшін үлкен қасірет осы».

 

Бұл жолай кездесіп, көлігіме мінген мұңды келіншектің жылап отырып айтқан әңгімесі еді.

 

Бәлкім, жас қыздардың сақтанып жүруіне сабақ болар деп, осыны қағазға түсіріп, жолдап отырмын. Ойнақтап жүріп, от басып, арандап қалмаңыздар, бойжеткендер!

 

Аян Мырзабек
kaz.365info.kz/




Көрілген: 6545    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31