Отбасы - ошақ қасы

Сүйген жігітімнің інісі алып қашты

  • Азаттық радиосы

    Азаттық радиосы

Әр адамның тағдыры бір-бір роман ғой. Менің де басымдағы жағдай бір кітапқа арқау боларлықтай. Жас болсам да, өзімнен кейінгі қыздарға сабақ болсын деп «Алаш айнасы» оқырмандарына өз тағдырымнан сыр шертуге бел будым.


Қазақта «қымызды кім ішпейді, қызға кім сөз салмайды» деген сөз бар ғой. Үлбіреген бойжеткен шағымда маған да сөз салатын жігіттердің қатары өте көп болды. Мен өзім әкем мен анамның еркелетіп өсірген жалғыз қызымын. Неге екенін білмеймін, анам менен кейін сәби сүйе алмапты. Бірақ біз үшеуміз өте бақытты ғұмыр кештік. Менің әкем сұңғақ бойлы, өте сымбатты кісі. Мені бәрі әкесіне тартқан қыз деп отырады. Ал анам аққұба келген орта бойлы қарапайым қазақтың қызы. Әкем анамды қатты сыйлайды. Анам үнемі маған, қызыма әкесіне ұқсаған жігіт екездессе екен деп отыратын.


Ата-анам мені оқытты, тоқытты, оқуымды бітіргеннен кейін жақсы жұмысқа орналасуыма да көмектесті. Мен оқуымды бітіргенше өзіме сөз салған жігіттердің ешқайсысына аса мән берген емеспін. Мектеп бітірер кезде бір балаға ғашық болғаным рас. Ол өзі сондай сүйкімді болды, сабақты жақсы оқитын. Бала махаббатыма сырттай ғашық болғаным болмаса ол басқа қыздың соңында жүретін. Сондықтан ба, менің жігіттерге деген көзқарасым өзгерді. Студент кезімде жігіттерді ізімнен ергізіп қойып, ешқасысын жақсы көрмеуге тырысатынмын. Осылай студенттік өмірім де өтті.


Мен өзімнің махаббатымды өте қызық жағдайда кездестірдім. Бірде телефонымды жоғалтып алдым. Әкем туған күніме сыйлаған мен үшін өте қымбат телефон еді. Жоғалтып алғаным үшін өзіме қатты ыза болып, бірнеше күн көңілім түсіп жүрді. Сөйтіп жүргенде кешке жұмыстан келген анам маған күлімсіреп қарап, «қызым саған тосын сыйым бар» деді. Анам маған жаңа телефон сатып әкелді екен деп ойладым. Бірақ ол маған одан да жақсы жаңалық айтты. «Менің телефоныма бір жігіт хабарласып, қызыңыз телефонын жоғалтып алған секілді, сіздің нөмеріңіз «анашым» деп сақталып тұр екен. Сондықтан хабарласып тұрмын» деді деп анашым балаша мәз болды. Сол кездегі менің қуанғанымды көрсеңіз. Кешке әлгі жігіт менің телефонымды әкеп беретін болып келісіпті. Ол уәдесінде тұрды. Кешке үйіміздің ауласына келді. Мен анамның телефонын алып сыртқа шықтым. Екеуміз кездестік. Ол сондай бойшаң, сымбатты жігіт екен. «Телефоныңызды менің әкемнің көлігіне тастап кетіпсіз, бұдан былай таксиге отырғанда абайлаңыз» деді. Мен телефонымды қолыма алып, қуанғанымнан «рахмет» деп қайталай беріппін. Анамның өтініші бойынша әлгі жігітті үйге шайға шақырдым. Ол сыпайылық танытып бас тартты. Бірақ екеуміз бір-бірімізбен нөмірімізді алмастық. Осындай таныстықтан кейін екеуміз жақсы сөйлесіп, араласып тұратын болдық. Ол маған қатты ұнайтын. Бірақ ол маған өзінің мені ұнататынын тіпті білдірген емес. Кейіннен білдім, оның жүріп жүрген қызы бар екен. Ал менімен тек дос ретінде араласады. Мен оның басқа қызы бар екенін білгенде қатты жүрегім ауырды. Бірақ сонда да оған ештеңе білдірмедім. Мен үшін оны күнде көріп, сөйлесіп тұрудың өзі бақыт болатын. Осылайша арада бір жылдай өтті. Бірде ол мені киноға шақырды. Кинодан шыққан соң екеуміз түнгі қалада қол ұстасып қыдырдық. Сол күні ол маған мені ұнатып қалғандығын, мәңгі бірге болғысы келетінін айтты. Мен шынымды айтсам одан осы сөздерді естуді ұзақ күткен едім, бірақ естіген кезде не дерімді де білмей қалдым. Сасқанымнан «сенің сүйген қызың бар емес пе» дей беріппін. Ол маған екеуінің арасы суып кеткендігін, ол мені алғаш рет телефонымдағы суреттерімді көрген кезден бастап ұнатып қалғанын, кездесіп, араласқаннан кейін ғашық болып қалғанын айтты. Мен оған сендім. Өйткені мен оны қатты жақсы көрем ғой. Сол күні менен бақытты адам болмады. Осыдан кейін екеуімздің тіпті жұбымыз жазылмай жүретінбіз. Мен бақыттан басым айналып жүргенде басқа жігіттерге тіпті мойын да бұрған жоқпын. Бірақ дәл осы кезде мені айналсоқтап жүретін бірнеше жігіт болатын. Әсіресе солардың біреуі маған күнде сыйлық жіберіп, кездесуге шақыруын қоймайтын. Мен оған ешқандай көңіл білдірмесем де қыр соңымнан қалмады. «Менің жігітім бар» деген сөзді тіпті құлағына да ілмейтін. Бірде құрбы қыздарыммен сауда орталығында жиналып, қыдыратын болдық. Сол күні кездесетін жерге жақындай бергенім сол еді, екі жігіт екі жағымнан алып, машинаға отырғызды. Ішінде қыр соңымнан қалмай жүрген Талғат деген жігіт отыр. Олар менің айқайлап, тулап, жылағаныма қарамастан алып қашып үйіне апарды. Олардың үйі қаланың шет жағында болатын. Үйіне жеткенде мен көліктен түспей қойдым, олар мені күштеп үйге кіргізді, үлкен кісілер басыма жаулық салып, айналайын деп бетімнен сүйіп жатыр. Мен Талғатқа ешқашан әйел болмайтынымды айттым. Сөйтіп у да шу болып жатқанымызда көзім аулада жүрген өзімнің сүйікті жігітім Саянға көзім түсті. Терезені тарсылдатып, Саян деп айқайладым. Ол да мені көре салып үйге кірді. Мен оны құшақтай келіп жыладым. Ол түк түсінбей тұр. Ол үйге түсіріп жатқан келіннің мен екенінен хабарсыз екен. Мен де ештеңенң түсінгім келмеді. Сөйтсем, Саян Талғаттың немере ағасы болып шықты. Ағайынды адамдар бір-бірімен көршілес тұрады екен. Саян Талғатқа қарап, «Әселді жібер, ол сені сүймейді» деді. Ал Талғат болса ашуланып, «Сен кімсің менің шаруама араласатын, мен мұның соңынан жүгіргеніме қанша уақыт болды. Енді бұл қыз менің әйелім» деп айқайлады. Үлкен ксілер Талғаттың ашуын әрең басты. Мен сол сәтте-ақ ата-анама хабарласып, оларға мән-жайды түсіндіріп, алып кетулерін өтіндім. Әкем мен анам ұшып жетті. Олар Талғаттың ата-анасымен сөйлесіп, Талғаттың өзіне де ақылдарын айтып, мені алып кетті. Егер ата-анам мені аттаған босағаңда қаласың деп қалдырып кеткенде сүймеген адамыммен қалай өмір сүрер едім. Оның үстіне Саянның өзімнің қайнағам болатынына көне алмас едім.


Осы жағдайдан кейін Саян екеумідің арамыз біраз суып қалды. Ол бұрынғыдай маған жиі келмейді, анда-санда телефон арқылы жағдай сұрасамыз. Бірақ мен сүйіктімді қатты сағынып жүрмін. Мен оны түсінемін. Өйткені сүйген қызымен туысқан інісінің арасында өзін екі оттың ортасында қалғандай сезінеді ғой. Бір күні өткеннің бәрі ұмытылып, Саян екеуміздің бірге болатынымызға сенемін.




Әсел, Алматы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2033    Пікірлер: 0

жұма, 08.03.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31