Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сүйгеніме күң болдым...

17 сәуір 2019, 10:02
(Шынайы өмір. Нұргүл жазған xаттың желісінде жазылды)

Нұргүл Асылмен туған күн кешінде танысты. Ол "Бір көргеннен сүйіп қалу" сөзінің мәнін сол кеште түсінді. Бірақ Асылдың гүлдей жайнаған Жанар есімді қызы бар екен.

Жатса-тұрса, Асылдың бейнесі көз алдынан кетпей қойды. Бірақ неге екені, Асылдың бір күні келіп әйтеуір сөз айтатынына сенімді еді.

Тура бір жылдан кейін екеуі тағы бір отырыста кездесіп қалды. Сол күннен кейін қыз-жігіт боп жүре бастайды. Асыл күнде гүл, шоколад сияқты сыйлықтар сыйға тартып жүрді. Ал 4 айдан кейін Асыл қызды сынады ма, бірге "жақындасуға" ұсыныс жасады. Тәрбиелі отбасынан шыққан Нұргүл бірден келіспеді, "тойдан кейін" деп кесіп айтты. Көп кешікпей Асыл отбасымен бірге қызға сырға салады. Дүркіретіп той өтеді.

Неге екені, тойдан кейін апта өтпей жатып, Асылдың мінезі күрт өзгерді, сәл нәрсеге ашуланады, болмашыға ұрыс шығарып, келіншегін келеке қылып отыратынды шығарды. Нұргүл себебін таппай дал болды. Бірде Асылдың телефонына смс келді, Нұргүл ойында ештеме жоқ, телефонын қарай салады. Сөйтсе күйеуі бірнеше қызбен қатар жазысып, кездесіп жүр екен. Нұргүл жылап жіберді. Қатты қиналды. Бірақ ата-енесінен ыңғайсызданып, үндемеді. Олар бәрі бірге тұратын еді.

Ертесі қабағы ашылмайтын Асыл әдеттегідей ілік іздеп, тағы ұрыс шығарады. Нұргүл де ашумен ішіндегісін жайып салды. Асыл соны күткендей, жас келіншегін тепкінің астына алды. Нұргүл ішіндегі 2 айлық кішкентайын қорғаштай берді. Ақыры жалаң аяқ, жалаң бас үйден қашып шығып, жақын жерде тұратын ағасының үйіне барады. Таңертең үйіне қайтып барып еді, алдынан шыққан Асыл жаман көзбен қарап:

-Сен бұл үйден мүлде кетпе, не кеттің екен, қайта кірме,- деп киімдерін бетіне лақтырды.

Нұргүл шабаданын сүйреп ата-анасының үйіне кетеді. "Үйдегілер қонаққа басқа қалаға кетті, мен әзірге осында болам" деп жалған айтты.


Арада бір апта өткенде Асыл артынан келді. Кешірім сұрамады. Бұған:


-Сені сүймеймін. Мүлде. Тек ата-анам "тәрбиелі қыз, соған үйлен" деп қоймады. Сені сол үшін алдым. Мен бұрынғы қызымды сүйгенмін,-деп шынын айтты Асыл. -Онда неге келдің?

-Анам сені қайтармасам, теріс бата берем деді.

-Қалай отбасы боламыз? Сен тіпті мені құшақтамайсың, қасыңа жоласам "жиіркенем, кетші" деп итересің, соншалықты жек көресің бе?

-Бала жетім өспесін, не болса да тұрып көрелік...

Нұргүл келісті. Баласының әкесіз өскенін қаламайды. Әрі Асылды жанындай жақсы көреді. Олар солай күн кешіп жатыр. Күйеуінің телефонына жоламайды, "қайда болдың? Қайда барасың?" деп мүлде сұрамайды, әйел болып күйеуіне еркелемейді... Сөйтіп, өзін сүйгенді сүйіп гүл болмай, өзі сүйіп құл болып жүр...

Ж.Бақыт.