Отбасы - ошақ қасы

Сүйгенімнен жүкті болып, өзгеге тұрмысқа шықтым

  • © svadbalist.ru

    © svadbalist.ru

Сәлеметсіздерме, құрметті оқырман. Менің жазып отырған хатымда есімімді көрсетпейсіздер деп өтінемін. Айналамда кімнен кеңес сұрарымды білмей өздеріңізге жазып отырмын. Жасым 21-де. Ерте тұрмыс құрдым, бірақ белгілі себептерге байланысты ажырасқаныма 1жыл болып қалды.


Аллаға шүкір тəп-тәтті ұлым бар. Жағдайым да жаман емес, жақсы жұмысым бар!


Күйеуіммен ажырасуымыздың себебі, бар кінә өзімнен. Шаңырағымыздың көпке шыдамай шайқалу себебі - ұлымның өз күйеуімнен емес бұрынғы жігітімнен екендігінде.


Біраз уақыт жүрген жігітім жүкіт кезімде өз баласынан бас тартып, мені тастап кетті. Өйткені ол қорқақ болды. Ал күйеуім мені қатты жақсы көрді, мен үшін бәріне көз жұмып қарады. мен де оны жақсы көріп қалдым. Ол маған сөз салған кезде ештеңені жасырмай, жүкті екенімді, бəрін айттым. Күйеуім бəрін түсініп, өз мойнына алатынын, ұлыма қамқор əке болатынын айтты, кейін бетіңе баспаймын деп уәде берді. Тіпті некеге де тұрдық.


Мен босанғанымша бетіме басқан емес бақытты өмір сүрдік. Сол кезде одан бақытты адам болмады, кәдімгідей өз ұлы дүниеге келердей күтті.


Босанған күні оның ата-анасы біліп қалып, өз немерелі емес болғандықтан қарсы болды. Бұл туралы бүге-шігесіне дейін айтсам тым ұзақ болып кетер.


Қысқасы, ата-енемнің қалауымен ажырастық. Күйеуімнің ата-анасын кінəламаймын, олардікі де дұрыс. бірақ күйеуім ажырасқан соң хабарсыз кеткен жоқ ,қайта маған көмектесіп, ұлымның барлық керек жарағын əперіп жүрді.


Кейіннен жұмыс бабымен ол Оңтүстікте мен Солтүстікке жұмыс ауысып кеттік.


Ендігі мәселе ол маған қайта қосылайық, мен сені жақсы көремін дейді. Енді не істесем болады?


Қайта қосылсам ата-анасының наласына қаламын ба деп қорқамын. Ата-анама айтсам əкем қайта қосылуыма қарсы!




Ажар, Көкшетау

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 1770    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31