Отбасы - ошақ қасы

Сүйіктісі пәктігінен айырып, тастап кеткен ару адам шошырлық халге түскен

  • http://silnaya-zhenschina-plachet-u-okna-noty.vedi.spb.ru/

    http://silnaya-zhenschina-plachet-u-okna-noty.vedi.spb.ru/

Осыдан бес жыл бұрын сүйген жігіті тастап кеткен ару жан сырын ақтарды. Пәктігінен айырған азаматтың әрекетінен кейін бойжеткеннің өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгерген. Ол, тіпті, жан баласына сенуден қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аңғалдығынан зардап шеккен қыз өз басынан өткен оқиғаны Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады.

"Мендегі мәселе-жүрегімнің қатаюы. Осыдан бес жыл бұрын жігітім абыройымды таптап, басқаға үйленіп кетті. Содан бері өмірімнің тас-талқаны шықты. Іштім, шектім, басқа қалаға да кеттім. Әлі ұмыта алмадым", -деп бастады ол әңгімесін.
Қазір нәзік жанды жаман қылықтарын қойған. Алайда, әлі де жүрегін тасқа айналдырған азаматты ұмыта алар емес.

"Адамға деген сенімділікті, мейірімділікті жоғалттым. Ата-анам мен бауырларымды да жүрекпен жақы көре алмаймын. Қатты қатайғаным соншалықты, барлығы өтірік істеп тұрғандай көрінеді", -дейді бойжеткен.
Өмірінің тас-талқаны шыққан бойжеткен одан кейін ешкіммен танысып, көңіл қоспаған екен.

"Кезінде жан баласына зияным жоқ, ақкөңіл қыз едім. Біреу жыласа, қосылып жылайтынмын. Қазір ештеңеге селк ете қоймаймын. Неге бұлай өзгердім.. Оны әлі де босата алмаймын. Қолым босай қалса, соны ойлап, бақытсыздық тілеп отырамын. Бұл өмірде ештеңе қызық емес. Бәріне соны кінәлаймын",- деді ағынан жарылған ару.
Енді бойжеткен бойын билеген күйзелістен қалай шығарын білмей жүр. Ол ата-анамның алдында да ұяттымын деп есептейді.

"Абыройым барда өте бақытты жан ем. Қалай абыройсыз болдым, басымды тік көтеріп жүре алмаймын. Ата-анамның бетіне тіке қарай алмаймын",- деп түйіндеді ол. 




Көрілген: 3749    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31