Отбасы - ошақ қасы

Тағы да қателесіп қалмаймын ба деп қорқам...

  • © Politeka.net

    © Politeka.net

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар. Мен өз сырыммен бөліскім келеді. Түсінікті болуы үшін басынан бастайын. Мен жастай тұрмысқа шықтым кейін арамыз дұрыс болмай ажырастык. Мен өкінбеймін Аллам берген қызым бар. Ажырасқан күннен бастап жолдасым екеуміз мүлдем араласпадық. Содан бері алты жыл өтті. Қызым әкесіз өсіп келеді.


Ажырасқан соң екінші рет тұрмысқа шық деп жеңгелерім үгіттеді. Бірақ адам қызымды қалай қабылдайды, қызымның болашағы қалай болады деп тартыншақтап үйленуге сөз салған жігіттің бетін қайтардым. Ал қазіргі уақытты ата-анамнан бөлек тұрамын, ал қызым ата-анамның қолында, табиғи қыздары болып өсіп жатыр Алып кетейін қолыма алайын десем әкемнің көңілін қимаймын.


Менің қызым да атасынсыз ұйықтамайды. Былтыр жазда қалаға қызымды алып келдім атамсыз ұйықтамаймын деп жылап атасына кетіп қалды. Сонда өзімді жалғыз сезіндім Жалғыздық қандай жаман еді. Содан бастап өз теңімді табуым керек деп ойладым.


Жақында бір жігітпен таныстым. Ол да ажырасып кеткен, екі баласы бар екен. Бірақ балаларымен араласып тұрады. Менің оған ешқандай қарсылығым жоқ, дұрыс балаларына барғаны. Мені алаңдататыны басқа нәрсе Ол мінезі өте қиын Әңгімені соңына дейін тыңдамастан айқайлап шығады, сабырлы емес бірақ тез басылады. Бірақ ашуланған кезде ұрып жіберетін сияқты қорқам. Менің мінезім қырсық еді бір-ақ күнде басып тастады. Балаға жақын Енді маған ақыл айтыңыздаршы... Менің қызым ондай мінезді адамға бауыр баса ала ма, қалай ойлайсыздар. Қызымның болашағы үшін қатты қорқам. Екінші рет қателеспеу үшін маған не істеу керек?




Аноним  




Көрілген: 2361    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31