Отбасы - ошақ қасы

Тәкаппарлығым "түбіме" жетті...

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Сəлеметсіздер ме, құрметті қыз-келіншектер, оқырман қауым.

Басымнан өткен мына бір оқиғамен өздеріңізбен бөліскелі отырмын.Біреу сенер біреу сенбес.

17 жастағы кезім. Өзім өте сұлумын, əкеме тартсам керек. Осы сұлулықтың кесірінен талай жігітті жылатқаным бар. Соған қазір өкінем неге сол сөз салған жігіттің біреуімен отбасын құрмадым деп.

Жə оны қойшы,солай жүргенде оқуға да түстім. Бір күні колледжден қайтып келе жатқанымда бір жігіт*(Өзінің бойы ұзын, қара торы, сұлу менің ойымдағы жігіт болатын) "қарындас есіміңіз кім" деп тисе жөнелді.  Жігіттердің маған қарап сөйлеуіне, қылмыңдауына үйреніп қалған мен елемегенсіп өтіп кеттім.

Содан не керек апта өтті, əдетімше сыртта құрбыларыммен отырған болатынмын, қарасам өткендегі жігіт. Жүрегім бүртірлү соқты неге екенін білмеймін, сөйтсем өзіміздің көшеде тұратын жігіт болып шықты мен туралы бəрін біліп алса керек. Содан артымнан жүгіруді тоқтатпады, ал мен өзімше болып менсінбейтінмін.

Ол дауысы керемет, тойларға шығып əн салады екен.  Ол жайлы үйіне таң ата оралатынын, түнделетіп көп қыдыратынын құрбыларымнан естіп алғам.

Не керек маған қатты ғашық болды. Мен де ұнатқаныммен оған сездірмедім. Күнде керемет гүлдер, қымбат сыйлықтар беруді шығарды. Достарынан беріп жібереді, не үйімнің алдына қойып кететін. Мен елемедім (Қолымды ешбір жігіт ұстамаған,саған да ұстатпаймын осы сұлулығыма лайық болуым керек ) осылай болуым керек деп ойладым. Мінезім тым қаталдау болатын. 

Солай 2 ай өтті барлығы тынышталған секілді. Қуанып қалдым.Түн ортасы есікті біреу қағады, ағам ашты, ол тұр. Ішіп алған ағамның аяғына жығыла кетіп жылады мені сүйетінін айтты. Мен оны одан сайын жек көрдім. 

Не керек жыл өтті. Ол сүйем деп соңымнан қалмауды тоқтатпады. Ойымда түк жоқ кешкісін дүкенге бара жатқан кезімде ол алып қашты. Мен көнбедім, кетем деп тұрып алдым.

– Көркем неге сонша қаталсың сені сүйем ғой, мені неге түсінбейсің, сенімен бақытты болғым келеді, қалшы өтінем бақытты боламыз екеуміз – деп жалынды. ал мен болсам, оны балағаттап, ағама айтам деп қорқытып, ақыры көнбедім.

Сонымен соңымнан ағам келді, қуанып кеттім.

Сонымен ол маған қатты өкпелеп Алматыға кетіп қалды. Кетпес бұрын "Көркем мен кетіп барам, сен мойныңды да бұрар емессің, кейін мен атақты болам, сол кезде сені алып кетем, сонда көнерсің деді. Мен ішімнен кетпеші деп тұрдым, сонда түсіндім оны шын ұнататынымды.

Үйге кіріп қатты жыладым, өзімнің ақымақ екенімді сонда білдім. Бəрі ұмытылды. 

Ал мен əлі тұрмысқа шықпадым, есесіне кезінде артымнан өзін өлтірмекке барған жігітті теледидардан күнде көрем. Ол қазір атақты əншінің бірі. Ал мен теледидардың бергі жағында отырып бір жылап алам. 

Тәкаппарлығым "түбіме" жетті. Өкінем істегеніме. 

Қыздар, бірінші бақ – бақ деген, мен сияқты опық жеп қалмаңыздар.

Қызық ол мені ойлай ма екен?

Көркем, Алматы облысы
alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3630    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30