Отбасы - ошақ қасы

Талдықорғандық ана үш баласын ақшаға айырбастаған

  • Фото: Еуразия бірінші арнасы

    Фото: Еуразия бірінші арнасы

Талдықорған қаласы маңындағы Еңбек ауылында тұратын үш баланың әкесі 44 жастағы Сұлтан Ахметов "Әкемізге қалыңдық" жобасының редакциясына өз тағдырын баяндады.

 

Бағдарлама кейіпкерінің айтуынша, 7 жылдан кейін әйелінің жүріс-тұрысы өзгере бастаған. Ол үйден ұзын етек киіп шығып, табалдырықтан аттай сала, ашық-шашық киімін, басына паригін киіп, басқа адаммен кездесіп жүріпті.

 

Күйеуі жарының опасыздығын біліп қойған кезде көзіне шөп салған әйелі күйеуін тастап, балаларды алып кеткен. Бұл жайт Сұлтанды есеңгіретіп жіберді. Тек балалары өзіне оралғанда ғана есін жиды. Балаларды күйеуіне оп-оңай бере салған әйел күйеуіне шарт қояды. Бірінші баласы үшін джип, екіншісі үшін үй, үшіншісі үшін жиһаз дүкенін талап етеді.

 

Балалардың әкесі ойланбастан әйелінің сұрағанын берді. Дегеніне қол жеткізген әйел көлікпен келіп, балаларды үйінің қақпасына әкеп тастайды. Сол сәтте балаларының кішісі небәрі 11 айлық болған.

 

Тағдырдың тәлкегіне тап болған Сұлтан балалары үшін өз-өзін қолға алып, қиындықты еңсеріп келеді. Мақтауға тұрарлық азамат бүгінде жобаға қатысып, өзіне жар табудан үмітті.

 

&ndash Мен әлі жаспын, сондықтан шынайы жар сүйіспеншілігіне лайықпын, &ndash дейді Сұлтан.

 

Жоба командасы психологпен кеңесе отырып Сұлтан үшін таңдаған әйелдің есімі &ndash Гүлназ. Жасы 39-да. Ол &ndash Алматы қаласының тумасы. Қалалық әйел Сұлтанмен, оның анасы мен балаларымен бірге ауылда тіршілік ете ала ма? Оны уақыт көрсетеді.

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.01.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30