Отбасы - ошақ қасы

"Тиісе береді": Қайынағасы сезімін білдіріп жүрген келіншек сырымен бөлісті

  • "Тиісе береді": Қайынағасы сезімін білдіріп жүрген келіншек сырымен бөлісті

Қайынағасы сезімін білдіріп жүрген келіншек сырымен бөлісті. 23 жастағы әйелдің бір жасар қызы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Жолдасым екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз деген келіншектің оқиғасы Instagram желісіндегі ushbu_hat парақшасында жарияланды. "Менің проблемам қайынағам. Ол үйленбеген. Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме" деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр. "Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?" дейді. Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді",- деп жазды ол. Келіншектің сөзінше, қайынағасы інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады. "Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын" дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Жолдасыма айтайын ба, әлде керек емес пе?",- деп жазды ол.  Айта кетейік, осыған дейін Ресей еліндегі Пенза қаласының тұрғыны өзінің бұрынғы жігіті хабарламалары мен қоңырауларына жауап бермегені үшін оның үйін өртеп жібергенін хабарлаған едік. Аталмыш факті бойынша өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіру фактісі бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің 167-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  




Көрілген: 7624    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 22:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31