Отбасы - ошақ қасы

Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты

  • Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты

    Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты

Ер адам қызды күштеп ұрлап әкетіп, оны әйелі мен кәмелет жасына толмаған балаларының көзінше соққыға жыққан. Ақтөбеде ер адам бойжеткенді ұрлап әкетіп, оны өзінің әйелі мен балаларының көзінше бірнеше сағат бойы соққыға жыққан, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Бойжеткен ер адаммен кездесіп жүрген. Бірақ отбасылы адам екенін білген соң бір жарым жыл бұрын қарым-қатынасын үзген.


Алайда ақтөбелік азамат қыздың қыр соңынан қалмай, оны аңдумен болған. 8 наурыз мейрамымен құттықтау үшін келген болып аруды далаға шығарып алып, өз үйіне алып келген.

"Мені күштеп ұрлап әкетіп, өз үйіне алып келді де, ұзақ уақыт бойы маған күш көрсетті. Бұның барлығын әйелі мен балаларының көзінше істеді. Одан ішімдіктің иісі қатты шығып тұрды. Ақыл-есі ауысқандай болып көрінді", - деді жәбірленуші.
Ер адам бойжеткеннің екінші әйелі болудан бас тартқаны үшін ашуға булығып, басы мен кеудесі тұсынан аямай ұрып-тепкен. Қаскөйдің заңды әйелі жедел жәрдем де, полиция да шақырмаған. Күйеуінің ата-анасына хабарласқан. Бұзақының әке-шешесі келіп, ұлын сабырға шақырып, жәбірленушіні үйіне жеткізген. Таңертең бойжеткен полицияға шағымданады.

Әбден зорлық көрген қыз жабық бассүйек-ми жарақаты және басқа да жарақаттармен бірнеше күн ауруханада жатқан.

"Аталған факті бойынша дәл сол күні жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама белгіленді. Жинақталған материал сотқа жолданды", - деді Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметінің жетекшісі.

Осы іс бойынша сот шешімі екі күн бұрын шықты. Зорлық көрсеткен азаматқа 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы кесілді. Алайда жәбірленуші мен қоғам белсенділері бұл жазаның жеңіл екенін алға тартты.

"Мен сот шешімімен келіспеймін. Оның жазаланғанын қалаймын", - деді жәбірленуші.
Ол әділдік іздеп сот шешіміне шағымданбақшы.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, қылмыстық әрекет дұрыс бағаланбаған. Жазасыз қалған ер адам қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін.

"Неге адам ұрлау және оны бостандығынан заңсыз айыру қылмысы отбасылық-тұрмыстық жанжал ретінде қарастырылған?! Сот, учаскелік полицейлер, прокурорлар! Неге бұрын қарым-қатынаста болған ер адам қорғансыз әйелді ұрып-соғуға, қысым көрсетуге, ұрлауға құқылы деп ойлайсыздар? Жәбірленуші әділдікке қол жеткізбей тынбаймын деп отыр", - деді "НеМолчиKZ" қорындағылар. 




Көрілген: 1059    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 13:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31