Отбасы - ошақ қасы

Тоқалдан туған 33 жастағы жігіт әкесіне іздеу салды

  • Тоқалдан туған 33 жастағы жігіт әкесіне іздеу салды

    Тоқалдан туған 33 жастағы жігіт әкесіне іздеу салды

 Өмірінде туған әкесін бірде-бір көрмеген азамат оны 30 жыл бойы іздеп жүргенін айтты. Медет Сәкенов өз отбасы бола тұра, кезінде оның анасын алдап кеткен жанмен бәрібір де кездесіп араласқысы келетінін жеткізді. Алайда, мұндай құлшыныс әке тарапынан болмай тұрса керек деп жазады КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ..


33 жастағы Медет өзін тоқалдан туған бала екенін мойындап отыр. Ол әкесінің өзінен бөлек тағы үш ұлы бар екенін айтады. Алайда, ағалары өзге әйелден туған інісімен мүлде араласқысы жоқ.


«Әкем анамды алдап кетті. Анықталғандай, оның бірінші әйелі болған. Анам маған алданып қалғанын өзі айтты. Ол тірі, Алматыда тұрады. Алайда, Самат деген ағам маған оны 2015 жылы қайтыс болды деп алдап соқты. Мен оған сенбедім. Өзім іздедім. Менің мақсатым - әкемді көру. Басқа еш нәрсе керек емес.


Үш жасымда мені шешем Шымкентке алып кетті. 18-ге толғанда әкеме хабарластым. Папаға айттым. «Мені естіп тұрсың ба?» дедім. Әкем мені мойындады. Мамамның қалын сұрады. Мен оған анамның тұрмысқа шығып кеткенін айттым. Ол қатты жылады. Менде жыладым. Мені Шымкенттен алып кетші дедім», - деп еске алды Медет.




Осыдан кейін ер азамат әкесіне 25 жасында қоңырау шалған. Алайда, ол кезде де ер адам ұлымен кездесуге ниетті болмай шыққан көрінеді.


Медет Сәкенов бұл аралықта анасы үш мәрте тұрмыста болып үлгергенін атап өтті.


«25-те де хабарластым. Ол кезде де келмеді. Одан кейін маған оны өліп қалды деді. Мен әкесіз өстім. Менде үш әке болды. Менің анам күйеуге үш рет шықты. Мен үш рет жындандым, оны жек көрдім. Ол азаматтық некеде болды. Өгей әкелерімнен ешқандай бала болған жоқ», - деді 33 жастағы азамат.


Отандық бағдарламаға көмек сұрап келген азамат әкесі жөнінде айтып келе, көз жасына ерік берді.


«Әкемнің өз отбасы бар. Үш ағам бар. Ал мен екінші әйелден, тоқалдан туғанмын. Бәйбішесі менің бар екенімді сіздер бармай тұрып, білмеген. Үш баласы бар.


Үшеуі де мен туралы біледі. Бірақ мойындамайды. Араласқысы келмейді. Ортаншы ағаммен сөйлесіп тұрдық. Кейіннен ол да бас тартты менен. Маған әке керек. Себебі, дегенмен мен ұл баламын. Ұл балаға әке өте қажет.


Ол үйленіп қойғаннан кейін, бірінші әйелін алып қойғаннан кейін амал жоқ. Қалай қабылдайды мені? Бір жағынан әкемді кешірдім. Оны жақсы көремін. Мен әкемді көргім келеді, құшақтағым келеді», – дейді Медет.


Sn.kz




Көрілген: 1475    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30