Отбасы - ошақ қасы

Төркініме кетіп барамын

  • Төркініме кетіп барамын

    Төркініме кетіп барамын

 Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Өтінемін хатымды шығарыңыздаршы. Дәл қәзір жолда отырып жазып отырмын сіздерге. Қатты ашулымын, өзіме өзім жыным келеді . Екі балам бар. Алты жыл болды тұрмыс құрғаныма. Ата енемен тұрамын. Отбасылық өмірдің барлық қиындығына шыдаймын деп ойлағанмын. Бірақ әбден шаршап кеттім. 


 Күйеуім ішеді. Біраз уақыттан бері  ішкенде катты куып кетеді. Мазамды алып, әкесімен қырылып,үнемі үйде айқай-шу. балаларым шошып, қатты қорқып калатын болды. Мені тыңдамайды. Осы уақытқа дейін канша ішсе де койшы деп журетінмін. Балалар үшін шыдағым келген. Атам бұрын айтатын, кетіп калып қорқытпайсын деп ұрсатын. Мен ұят емес пе деп жүре бердім. Дәл кізір балаларымды алып, төркініме кетіп барамын. Ішкенін қойған соң барамын деп ойлаймын. Күйеуіме кішкене ми кіретін шығар. Үндемеген сайын басыма  шығып алды шынымды айтсам. Не болса ол болсын деп киімдерімді алып, кетіп барамын. Дұрыс деп ойлаймын. Бір кеңес айтыңыздаршы. Қатты қобалжып отырмын.


Өз басым кетпеу керек, кеттің ба, келмейтіндей кету керек, қайтып келмеу керек деп ойлаушы едім. Солай жүргеніме  ушін кетпеу керек деп жүргеніме  6 жыл бопты. Бір рет те кетіп көрген емеспін. Ұрсты, таластық. бірақ мен үнемі ақылға жеңдіретінмін. Кет дегенде кетпедім. Кет деді деп кетіп қалсам, ертен кел деп тұрса қайта келе алмаймын мен. Кетіп алып сүмірейіп қайтып келген жаман ғой. Сол үшін ары қарайғы өмірім не болар екен деп уайымдаймын. 


Аноним




Көрілген: 4086    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 11:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31