Отбасы - ошақ қасы

Төрт рет тұрмысқа шықтым

  • Төрт рет тұрмысқа шықтым

    Төрт рет тұрмысқа шықтым

  Ұлтым орыс. Есімім Марина. Талай жыл аудандық клубта əнші болдым. Əнші болған соң талайлар мені ұнатты, мен оларды ұнаттым. Бір сəттік қалаумен талай жігіттер сөз салды. Мен бірақ ермек қылатындармен араласқан емеспін.

Бірақ, тағдыр шығар, төрт рет тұрмысқа шықтым.Оны ешқашан ешкімнен жасырмадым. Алғашқы күйеуге жиырма жасымда шықтым. Екіншісіне жиырма төртімде, үшіншісіне жиырма сегізімде, Төртіншісіне қырық екі жасымда шықтым. Иə, мен бұны ешкімге тілеген жоқпын жəне де əр тұрмысқа шыққанда сезіммен,үмітпен шықтым.

Амал не?!... Жастықтағы сезімдеріміз тез сөніп қала берді. Негізі, еркектердің бəрі бірдей пəк қыз іздейді. Өткеніңді біліп, сені жар етсе де. От құшақпен лəззаттың кіл тереңіне батырсаң да, жақсы жар бола алсаң да... Өмір бақи бір қиялдың соңына түсіп алады да, сонымен өмір кешеді. Сол себептен, саған көңілі толмайды екен.

Алғашқы күйеуім - Сергей жақын құрбыммен көзіме шөп салды. Сосын одан кетіп қалдым. Дегенмен, Сергей маған əйел екенімді сезіндірген жалғыз еркек. Оны əлі күн аңсаймын. Ол сияқты ешкім жанымды жандырып, тəнімді лəззатқа мас қылған емес. Одан кейінгі күйеулерім бірі - татар, бірі - неміс болды. Екеуінің де балалары болған соң арамызда түсінбестік орын алды. Содан мен кетуге мəжбүр болдым. Мен ешқашан бала сүйген емеспін. Содан шығар, біреудің баласын қарай алмадым.

Төртінші күйеуім - Кавказдық. Есімі - Руфат. Қарым-қатынасымыз кездейсоқ басталды. Ол жаңа -жыл қарсаңы еді. Руфат - нағыз азамат. Əйелдің қалауын жүз пайыз орындай алады. Жан мен тəн қалауын толық қанағаттандырады. Кавказдықтардың қызу қандылығына қайран қаламын. Қырық екі жасымда, екінші рет нағыз жылылық пен жайлылықты сезіндім. Отбасылық бақыттың дәмін таттым.

Айтайын дегенім әйел өзін бақытты сезіну үшін, жан мен тән үйлесімдігі болмаса,ешқашан бақытты бола алмайды екен.Шоу бизнесте жүрген Баянды көпшілік даттайды. «Кәрі түйе ойнақтаса...» дегенді айтып.Ал мен оның жәйін өз басымнан өткен соң жақсы түсінем.Біреуді қаралау оңай ғой. Ал әйел бақытын сезіну үшін көп нәрсенің керегі жоқ.
 




Көрілген: 2255    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31