Отбасы - ошақ қасы

«Төсек қана керек»: ОЙЫ БҰЗЫҚ ЕРКЕКТЕРДІҢ қақпанына түсіп қалмаңыз

  • «Төсек қана керек»: ОЙЫ БҰЗЫҚ ЕРКЕКТЕРДІҢ қақпанына түсіп қалмаңыз

    «Төсек қана керек»: ОЙЫ БҰЗЫҚ ЕРКЕКТЕРДІҢ қақпанына түсіп қалмаңыз

Өмірде кездейсоқ болатын жағдайлар көп. Кейде көңіл-күйдің әсерінен шыға алмай қате жасап қоятын сәттер де болады. «Алдауына түсіп қалдым, қалай алданып қалғанымды білмеймін» деп тағдыры талқан болған жандар жетерлік. Әсіресе, қыз-келіншектердің теріс пиғылды еркектердің қармағына түсіп қап жататын жағдайы жиі кездеседі.

Сондайға душар болмау үшін еркектің ойы мен айла-әдіске басқанын тани білу керек. Олар қалай қақпан құру мүмкін?  Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды.

ӘДЕМІ СӨЙЛЕУ

Мұндай жігіттер барлық қыз-келіншектерге танымал. Ортасында әдемі сөзімен ерекшеленетін жігіттер болады. Сонысымен де көбіне ұнап қалып жатады. Бірақ, олар көзі түскенін құшағына да түсіру үшін көппен сөйлескен болып жүріп арасында байқатпай комплименттер «жібереді». Әдемі екенін, ұнамды екенін жиі айтып, қызға табандап жақындайды. Бірден құлай да түспейді.

Мұндағы қулығы сол, қызды әбден өзіне құлатып, ғашық етіп болған соң ғана әрекет етеді. Оған дейін тек тәтті сөздермен алдап, жақын жуыспайды. Тіпті, оңаша кездескен күнде де қыздың қолынан ұстамауы мүмкін. Нәзік жанның шыдамының шегіне жеткізгенше тәтті сөздерін аямайды да, қалауына қолы жеткен күннің ертеңіне түк болмағандар жүре береді.

«ҚАЙЫРЫМДЫ»

Көздегеніне алыстан көз тігіп жүретіндер аяқ астынан қайырымды да мейірімді бола қалса, сақтану қажет. Олар әдетте қыз-келіншектердің бір қиындыққа тап болған сәтін күтеді. Жуыспайды, комплимент те айтпайды. Тек алыстан аңдиды.

Сөйтіп жүріп қиын күн туғанда ойда-жоқта иығын тоса қояды. Ең күтетін сәттері &ndash қыздың сүйгенімен ұрысып қалатын сәті. Тіпті, тұрмыстағы келіншектердің де осындай табынушылары болады. Сондай сәтте бірауыз жылы сөзге зәру болып тұрған жанды жұбатқансып ойындағысын іске асырып кетуі ғажап емес.

«ДОС»

Иә, дос боп жүргендерге де бастан-аяқ бір зер сала қарап қойған артық болмас. «Қыз бен жігіттің арасында достық болмайды» дегенді шығарғандар да осындай «достықтан» жапа шеккендер болса керек.

Қасыңда күнде жүріп, сырыңды толық білетін достардың ішінде де бір саусағын ішіне бүккен жігіттер болуы әбден мүмкін. Сеніміңе әбден кірген сәтте ойламаған жерден теріс пиғылын жүзеге асырып кете салады да, тіпті, сонысымен бопсалауы да ғажап емес. Өмірде ондайлар да кездеседі.

Сонымен қатар, сүйген жігітіңнің достарына да жіті назар салу қыз-келіншектерге артықтық етпейді. Досы болып жүріп, досының қызына немесе әйеліне опасыз іс жасап кететіндер де бар.

РОМАНТИК

Романтик жігіттердің барлығы да шынайы болмай бермейтін көрінеді. Әсіресе, романтикаға тым берілгіш, асыра сілтейтіндер де қыздың мұндай «қойылымды» жақсы көретінін біліп, жоспар құруы мүмкін.

Жалпы, романтик жігіттер қыз-келіншектердің басым көпшілігіне ұнайды. Сонысымен ерекше, құрбыларына мақтанып айтуға тұрарлық қадамға бара алады. Бірақ бетперденің арғы жағында кім тұрғанын да анықтап алған жөн.

АЯУШЫЛЫҚ туғызу

Қыздың көзіне мүсәпір боп көрініп, оның аяушылығын туғызу арқылы да алдап соғатындар бар. Осындайда нағыз ер-азаматтың әйелдің көзінше көзіне жас алмайтынын ескеретін қазақтың тәрбиесі көмекке келеді.

Егер жігіттің намысы болса, ол ешқашан сүйгенінің көзінше әлсіз боп көрінгісі келмейді. Ішінде ит ұлып жатса да ол өзінің шын сүйген жанының алдында абыройын жоғалтпауға тырысады.

Ал қыз-келіншектің көзінше жағдайын айтып, мүсәпір күйге енсе, онда ондай жігітке сенім аз. Тіпті, бұл оның айласы болуы да мүмкін.

ЖҰМБАҚ жігіттер

Кейбіреулер өздерінің біртүрлі әрекетімен нысанына алған қыздың қасынан аяқасты пайда бола кетіп, табан астында жоқ боп кетеді.

Мысалы, автобуста кездесіп қыздың есінде ұзақ қалатындай әрекет жасайды да (мәселен, көзіне ұзақ уақыт тік қарау, құлап бара жатқанда ұстап қалу, көмектесу, т.б.), таныспаған күйі кетеді. Содан соң тағы да кездейсоқ сауда орталығында пайда болып, тағы да естен кетпес бір әрекет жасайды. Тек үшінші кездесуде ғана тілдесуі мүмкін. Осылайша қызды өзіне оңай ғашық етіп ала қояды.

Бұл тек бірнеше мысал ғана. Адамда интуиция деген бар және ол белгі береді. Сол белгілі тыңдай алған адам басқаны тануда шатаспаса керек.

Жинақтап, дайындаған:

Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ




Көрілген: 2233    Пікірлер: 0

сенбі, 30.01.2021, 00:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа
    12 Наурыз, 16:40
    Қайынағам шаршатты
    11 Наурыз, 11:01
    Мен ұмытқан сөз…
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30