Отбасы - ошақ қасы

Төсек қатынасы туралы ыңғайсыз сұрақ қойған ене келіннің ашуын келтірді

  • https://m.infox.ru/

    https://m.infox.ru/

Ұлыбританияда аяғы ауыр келіншек төсек қатынасы туралы ыңғайсыз сұрақтар қоятын енесіне ренжулі. Ол енесінің мұндай сұрақ қоюы қаншалықты орынды деген сұрақты көпшіліктің талқысына салды деп жазады   KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Daily Mail басылымының мәліметіне сәйкес, Mumsnet атты аналар қауымына арналған сайтқа жазба қалдырған келіншек, отбасындағы ыңғайсыз жағдайды жазып, мұңын шаққан. Ол енесін түсіне алмай жүргенін айтып, көпшіліктен кеңес сұрады.

 

Айтуынша, енесі одан соңғы рет қашан төсек қатынасына түскенін қайта-қайта сұрай береді екен. Мұндай ыңғайсыз сұраққа қалай жауап берерін білмеген келіншек енесіне ренжулі жүрген көрінеді.

 

"Таңым бар, бұл өте ыңғайсыз сұрақ. Мен оған мұндай сұрақ қойғаны дұрыс емес екенін аңдататын едім", "Бұл мәселеге енеңнің қызығушылық танытқаны біртүрлі екен", "Маған ондай сұрақты қайталап қоюшы болмаңыз деп ашығынан айту керек", "Өз балаларыма мұндай сұрақ қою миыма кіріп-шықпас еді", - деп жазды пікір қалдырушылар.

 

Десе де келіншектің енесін жақтағандар да табылды. Олардың пікірінше, енесі осылайша келінінің денсаулығына алаңдаушылық білдіруде.

 

"Сіздің аяғыңыз ауыр болғандықтан, енеңіз осындай сұрақ қойған болуы мүмкін", "Бәлкім ол сізге осы сұрақпен тезірек босанудың амалын айтқысы келген шығар. Десе де сұрақ қоймай, басқаша ойын жеткізсе болатын еді", - деп жазды өзге желі қолданушылары.

 

Келіншек не істерін білмей, енесінің қоңырауларына жауап беруін қойыпты. Десе де енесі оған сұрағын хабарлама арқылы жіберген.

 

Хабарламаны келіншектің күйеуі көріп қалып, анасына өзі қоңырау шалыпты. Ол анасының бұл әрекеті оған ұнамайтынын ашық айтқан екен.

 




Көрілген: 2727    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31