Отбасы - ошақ қасы

ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Жыныстық қатынас ешқашан да КИНОДАҒЫДАЙ болмайды

  • ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Жыныстық қатынас ешқашан да КИНОДАҒЫДАЙ болмайды

    ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Жыныстық қатынас ешқашан да КИНОДАҒЫДАЙ болмайды

«Жан беріп, жан алысқан», «естен тандырған» төсек ләззатын көз алдына елестетудің барлығы романтикалық кинолар мен эротикалық фильмдердің әсерінен болады. Ал шын өмір солай ма? - деп жазды ERNUR.KZ сайты.

Әрине, олай емес. Флорида Университетінің 25 жылдан астам уақыт адам психолоиясын зерттеумен айналысқан маманы, сексолог Лори Минц өзінің кітабында төсек қатынасы туралы көпті адастыратын ең кең тараған 6 өтірік туралы жазыпты.

1-ші өтірік: Ойламаған жерден болатын жыныстық қатынас

Киноның барлығында солай: еркек пен әйел аяқастынан бір-біріне құмарлықпен қарап, құшақтаса кетеді де, «майдан» басталып кетеді. Бәрі ойламаған жерден басталып, ләззат алудың биік шыңымен аяқталады.

Міне, сондай фильмдердің шырмауынан шыға алмағандар да өзінің серіктесінен, өзінің жыныстық қатынасынан да соны күтеді, солай болғанын қалайды. Ал сексолог мамандар ондай күтпеген жерден басталып кететін жыныстық қатынастың мүлде болмайтынын айтады.

МЫСАЛЫ: әйел бар шырайын ашатын көйлек, еркектің есін шығаратын әдемі ішкиімдерін киіп, кез кезген жігітті елітетін иіссуды септі де, кешке барды. Онда оны әлбетте, ыстыққанды, отқұшақты азамат күтіп тұр. Кеш соңы екеуінің бір төсекте бас қосуымен аяқталды.

Бұл ойламаған жерден емес, алдын ала дайындықпен орын алған жыныстық қатынас емес пе?!

2-ші өтірік: «Үлкен болса...»

Мамандар 3 мыңнан астам әйелге сауалнама жүргізгенде, олардың ешбірі еркектің жыныс мүшесінің өлшемі туралы айтпаған. Бәрінің дерлік айтатыны – серіктесімен арадағы жыныстық қатынасты қанағаттандыру болған. Яғни, нәтижесі маңызды болған.

3-ші өтірік: Оргазм еркек пен әйелде бірдей болуы керек!

Бұл да эротикалық фильмдерден келген өтірікке сенудің әсері. Онда жыныстық қатынас қашанда кереметпен, әйел мен еркектің бірдей ләззат алуымен аяқталады қашанда. Өмірде олай емес. Әйелдердің басым көпшілігінде оргазмды сезіну қиын. Ал төсек ләззатының ұшар шыңын бірге сезіну үшін әркім серігінің оргазмға жетуін де қадағалап, өзін ұмытады. Әркімнің ағзасы әртүрлі, ләззатты біреу ерте, біреу кеш сезінеді. «Бірдей...» деген деген түсініктен арылып, әркім ләззаттан өз үлесін алғаны әлдеқайда маңызды.

4-ші өтірік: «Ұзағырақ... Ұзағырақ...»

Еркектің жыныстық мүшесінің өлшемі төсек ләззатын сезінуде де, сезіндіруде де ешқандай маңызджы рөл ойнамайтыны белгілі болды. Сол сияқты жыныстық қатынас уақытын ұзарту үшін еркектің өзін-өзі ұстауы да түкке қажеті жоқ әрекет. Мамандар орта есеппен еркектердің 2,5 минутқа ғана өзін ұстай алатынын зерттеп, анықтаған. Ал еркектер жыныстық қатынасты 30 минутқа дейін созу керек деп сенеді де, өздерінен қажет емес әрекетті талап етеді.

«Керемет төсек қатынасы – міндетті түрде ұзақ болуы тиіс емес».

Жыныстық қатынас туралы фильмдер көруден бас тарту керек мұндай жандар. Одан гөрі әйелден сұраған дұрыс. Себебі, көптеген әйелдер жыныстық қатынастың ұзақ болмағанын қалайды. Себебі, тым ұзаққа созылғаны олардың мазасын қашырып, ауырсынып кетеді.

Уақыт созғанша, әйелдің сезім нүктесімен ойнап, өзіңіз де, серігіңіз де ләззаттың шырынын татқаны пайдалырақ.

5-ші өтірік: «Ойыншықпен» жалғызбасты әйелдер ойнайды

Төсек қатынасына арналған «ойыншықтарды» көпшілік жалғызбасты әйелдерге ғана арналған деп ойлайды. Ал еркектер тіпті, мұны өзінің намысына тиетін әрекет деп бағалайды. Әрине, еркектерге арналғаны да бар...

Бірақ, мұндай «ойыншықтар» ешқашан да адамның ыстық құшағын, сүйіс пен жақындасуды алмастырмайтынын естен шығармаған дұрыс. Жыныстық қатынастың ләззаты тек жыныстық мүшелерден ғана тұрмайды. Төсекте әдемі әңгіме, қызықты әзілдер айтылады. Жүректі елжіретер тәтті сөздер мен алақанға алақан түйістірер сәттер жыныстық қатынастан да керемет оргазм сыйлауы мүмкін.

6-шы өтірік: «G» нүктесін табу керек

«G» нүктесі – кімнің қай жерінде екені анығында белгісіз. Егер оны таба алса ғана әйелді естен тандыратын оргазмға жеткізуге болады. Бірақ бұл оңай емес... «G» қайда екенін іздегенше, одан да әйелге не ұнайтынын сұраған оңайырақ.

Ғылыми факт: барлық әйелде бұл нүкте бар екеніне кепілдік жоқ. Айтпақшы, «G» нүктесінің нені білдіретінінен хабарыңыз бар ма? Ол «Грэфенберг нүктесінің» қысқартылған түрі. Эрнст Грэфенберг қынаптың осынау бөлігін сипаттап жазған алғашқы заманауи дәрігер болған.Әріптестері оның құрметіне нүктені солай атауды ұйғарыпты.

Дереккөз: blog.mann-ivanov-ferber.ru

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ




Көрілген: 12016    Пікірлер: 0

сенбі, 21.12.2019, 19:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30