"Төсекті ұмыттық". Еңбекқор еркектердің әйелдері

21 қазан 2021, 19:34

Арақ ішпейтін, жұмыстан бас алмайтын еңбекқор еркектердің әйелдерінде жұртқа жария бола бермейтін мәселе аз емес. "Не ішіп, не жеймін" дегенді ойламаса да, көбі жұбайлық борыштың не екенін ұмытқандарын немесе төсек қатынасы барынша азайғанын айтып арызданады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Мамандардың пікірінше, бұл — өте кең таралған мәселе. Бірақ бұдан құтылудың да амалдары бар екен.

 

Күйеуім — реңді жігіт. Табысы мол. Өте ақылды адам. Жұмыс басты. Шағын отбасылық бизнесіміз менің мойнымда. Қу тіршіліктен мен де бас көтермеймін. Бір-бірімізге қарауға уақыт таба алмаймыз. Ерлі-зайыпты адамдар екенімізді де ұмыттық, — дейді Дина деген келіншек.

 

Pixabay

 

Ол күйеуі — бұдан, өзі болса, күйеуінен суынып кетемін бе деп қорқады. Психологтардың айтуынша, бұл отбасының бұзылуының басты себебі осында жатыр.

 

Төсектің суып кетуі деген осы. Бұлай жалғаса берсе, ерлі-зайыптылардың арасында махаббат сезімі өшіп, тек туыстық қарым-қатынас қана қалады. Соның кесірінен сезімді басқа жақтан іздеу басталады, — дейді Серікгүл Сәли.

 

Серікгүл Сәли

 

Психологтың айтуынша, қазақта ерлі-зайыптыларға: "Бастарың бір жастықта қартайсын" деген тілек бекер айтылмаған. Осы арқылы сезім, эмоция байланысы беки түспек.

 

"Бұл әйелдер үшін де, ер адамдар үшін де өте маңызды. Қарым-қатынас та, сезім де жыл өткен сайын өзгеріске түседі. Бәрі сексуалды емес қатынастың қалай өрбігеніне де байланысты. Бірін бірі сыйлай ма, бірін бірі қызықтыра ма? Физиологиялық жағынан өзгеріп жатыр ма? Мұның бәрі маңызды", — дейді психолог- сексолог Ирина Волкова.

 

Ирина Волкова

 

Сексологтың пікірінше, адамдар ұдайы өзгеріс үстінде болады. Дене бітімі, талғамы да өзгереді. Жұбайлар сезімдерін өшіріп алмас үшін ұдайы өзін-өзі дамытуға ұмтылуы тиіс.

 

Тартымдылығын жоғалтпай, салмақты қадағалау керек. Мұндай жұптар ұзақ уақыт бірге бақытты өмір кешеді. Біреуі денсаулығын күтіп, өзін дамытып, өмірдің қуанышын көріп жүрсе, екіншісі "бұл ауыр жүк" деп есептесе, жұптардың арасына сызат түседі, — дейді Ирина Волкова.

 

Pixabay

 

Маманның айтуынша, мұндай жұптардың бір-біріне деген сексуалды тартымдылығы түбегейлі жоғалатын көрінеді.