Отбасы - ошақ қасы

Төсекте тояттамай жүрген келіншек мұңын шақты

  • http://rodili.ru/

    http://rodili.ru/

Бес жыл бұрын отбасын құрған келіншек күйеуінен жылулық көргенімен, төсек ләзатына тояттамай жүргенін сөз етті. Айтуынша, жұбайы жұмыстан шаршап келгендіктен жыныстық қатынаспен айналысуға ерінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

 

Айтуынша, ер адам әйеліне барынша көңіл бөліп, оған сезімін білдіруден жалықпайды. Алайда отбасындағы жыныстық қатынас мәселесі келіншектің көңілінен шықпай, оны алаңдатып отыр екен.

 

"Жазда отбасы құрғаныма бес жыл болмақ. Күйеуім менен 6 жасқа үлкен. Мен 25-темін, ол 31-де. Ортақ баламыз да бар. Бақыттымын. Отбасымызда жылулық, үйлесімділік бар. Күйеуіммен бір арнадамыз. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Алайда төсек қатынасы мәселесіне келген кезде түсініспеушіліктер болады. Жыныстық қатынаспен тек айына екі рет айналысуымыз мүмкін", - дейді ол.

 

Әйел бірнеше рет күйеуімен ашық сөйлескенін, мәселені шешуге тырысқанымен түк шықпағанын сөз етті.

 

"Жұбайыммен бұл туралы сөйлескен едік, ол жақындасуға ерінетінін, жай ғана құшақтасып жатқысы келетінін айтты. Ал маған бұл жеткіліксіз. Тіпті, романтикалық кеш жасап та көрдім. Бірақ ол жұмыстан келе сала мені мазақ ете бастады. Шетелдің киноларын көп көріп қойғансың деді. Әрине, осыдан кейін бетім қайтып кетті. Ол менің көзіме шөп салып жүр деп ойламаймын. Оның сезімі барын білемін, сеземін. Дегенмен неге бұлай істейтінін білмеймін. Баламыз дүниеге келгеннен кейін өзгеріп кетті", - дейді ол.

 




Көрілген: 6255    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30