Отбасы - ошақ қасы

Туған әпкем күн бермейді

  • Туған әпкем күн бермейді

    Туған әпкем күн бермейді

 Сәлеметсіздер ме! Жасым отызда, төрт баланың анасымын. тӨмірде көп қиындық көрдім, содан ба ұрысқақпын, ұрысып шыға келемін. Он жеті жасымда аяғым ауырлап қалып тұрмысқа шықтым, бір ай ғана тұрдық. Кесервамен ұл тудым. Содан қырқынан шықпай, күйеуәммен айырылысып кеттік. Заңды некеге тұрмағанбыз.

Әке-шешем нашар адамдар, әкем ішіп үйден қуып шықты, үш  туған әпкем бар, олардан көмек болмады. Туыстарды паналап жүрдім, баламен кім сыйдырсын.Содан баламды енеме беріп, қалада базарда аяқ киім саттым, туыстың үйне қонып жүрдім. Бірде он жасқа үлкен жігітпен таныстым, бір жылдай танысып, тұрмысқа шығып кеттім. Баламды өзіме алдым. Бірақ баламмен сіңісе алмадым, өз анама бердім, ал ол болса енеме қайта  апарып тастады  Екінші балам болды, ол  ауру болып туылды. Емдетуге әр қалаға бардық, сонымен үлкен бала өзінің  әжесінде болды. 

Мен ата-анаммен және екінші әпкеммен көрші тұрамын. Сол әпкем мен тұрмысқа шыққалы күн бермей келеді, ауладағы бүкіл көрші-қолаңға мені жамандайды, балаларымды ұрады деп жала жабады. Оның  төрт қызы бар. Менің ұлдарым болған соң көре алмай ма, білмедім. "Баласын тастаған" деп мені табалайды. Осы көктемде жұмысқа тұрғанмын, сол апамның кесірінен жұмыстан шығып қалдым, айта берсем әңгіме көп. Қәзіргі уақытта аяғым ауыр, қиналып жүрмін.

Көршілерге қарайтын бет қалмады. Неге туған бауырымның осылай өштескенін білмеймін. Мен өзімді кереметпін демеймін, бірақ біз туған бауырлармыз ғой. Өзім талай рет одан кешірім сұрап, ара-қатынасымызды жөндеуге тырыстым, бірақ ол қайта бастап ұрысады. Есімі Гүлзада. Осыны оқып ойланса, қойса екен деймін. Қатты жазбауларыңызды сұраймын. Жылап жазып отырмын, өзім тұңғышымды сағынып қапа болып жүрсем, бір туған бауырым маған күн көрсетпейді. Жолдасым да апаңнан шаршадым  дейді. 




Көрілген: 2009    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31