Отбасы - ошақ қасы

Тұрақсыз сезімнің тақсіретін тартып жүрмін...

  • http://www.oka.fm/

    http://www.oka.fm/

Мен өзімді өте сұлумын демеймін,бірақ көп жігіттер ғашық болатын. Жасым қазір 23-те. Осыдан 3 жыл бұрын мен баска едім,ал қазір басқа адаммын.

 

Нақтырақ айтқанда көп жігіттердің көз жасына калдым. Сол жылдары маған көп жігіт сөз салды, мен оларды сынайтын ем. Көп жігіттермен араластым. Сол уакытта маған Нұрбек есімді жігіт қатты ғашық болды. Күнде үйдің алдына келетін (сол жігіттің көз жасына қалдым деп ойлаймын). Мен ол баламен жүріп жүргенімде қанша жігіттермен танысатынмын. Өйткені мен сезімге тұрақсыз болдым. Бірақ арым таза!!!

 

Сіздерге мүмкін өтірік болар, бірақ мен ешкашан ешкімге сүйгізбейтінмін ернімнен. Нұрбекпен кездесіп жүргенімде әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен таныстым. Басында ұнамады, 3 рет жолықтық. Ең соңғы рет жолыққанда мен оның артынан қарап тұрып осы менің күйеуім болатын сияқты деп ұзақ қарап, ойланып отырдым. Көп ұзамай ол бір күні жұмыстан кейін мені үйге жеткізіп салмақ болып, алып қашып кетті. Ең алғаш ернімнен сүйген жігіт сол болды. Бақытты күндер басталды, аяғым ауыр болды...тойымыз да жақсы өтті...

 

Бірақ бақытым ұзаққа созылмады, ең өкініштісі, біз екі жаққа кеттік. (Оның да өзіндік себептері бар). Мен басында қатты қуандым, өйткені мен шариғат бойынша 3 рет көрген жігітке шықтым. Ернімнен ең алғаш сүйген жігіт те сол болды. Некеміз қиылмай ол қолымнан да ұстамаған еді. Сөйлесіп жүргенде маған ешқашан қатты сөйлемегенде еді менің арманымдағы жігіт осындай болатын. Сол үшін мен қатты қуандым....ал менде қазір өкініш өзегімді өртейді. Мүмкін мен бір кездері жігіттерді жүгіртіп, көз жастарына қалғаныма жауап беріп жатқан болармын. Бəрі Аллаға аян.

 

Қазір жасым 23-те, 1 қызым бар, Аллаға шүкір. Қуанышым да осы қызым. Мен күйеуімнің көзіне шөп салған емеспін, күйеуімді болашақ балаларымның əкесі,өзіме адал жар болады деп сол неке қиылған күні қабылдадым. Сол күні тəубеме келдім.

 

Қазір менің таңдарым күйеуімсіз атып жатыр, кейде оны сағынамынғ кейде оны жек көремін... (жасаған əрекеттерін еске алсам).кейде хабарласқым келеді. Бірақ ол өзгенің жары, үйленді.көп ұзамай. Хабарласқанда телефонның арғы жағынан басқа қыздың дауысын естігім келмейді, өзгенің шаңырағын бұзғым келмейді. Сол себепті хабарласпаймын. Мен оған тек бақыт тілеймін. Бақытты болсын.

 

Тек бірге түскен суреттерімізді қарап еске аламын. Ол суреттерді қызым үшін сақтап жүрмін. Өскенде көрсетемін деп. Өмір сүргім келмесе де өмір сүремін. Алла айтады, біреуді менен артық жақсы көрсең, сені одан айырамын. Онсыз өмір сүре алмаймын деме, онсыз да өмір сүргіземін. Маусым өтер, көлеңке түсіретін ағаштардың бұтақтары қурайды, сабырың кетеді. Жаным деп санаған жарыңа дейін бір күні бөтенге айналады. Досың дұшпанға айналып, дұшпаның қалқан болады. Сондай бір ғаріп дүние. Болмайды дегеніңнің бәрі болады. Құламаймын дейсің, құлайсың. Таңғалмаймын дейсің, таңғаласың.

 

Маған дəл қазір өте қиын. Қызымды көрген сайын ол есіме түседі. Қызым күйеуімнен айнымай қалған. Өмірде талай қиындықтарды жеңемін осы қызым үшін. Алла маған тек сабыр берсін!

 

alashainasy.kz/

 




Көрілген: 2906    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31