Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында тойхананы су басып, қоақтар үстел үстіне шығып кетті

26 сәуір 2022, 22:44

Әлеуметтік желіде той үстіне басып кірген тасқын судың видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодағы оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Бесағаш ауылында болған. Толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан пайда болған тасқын су тойдың шырқын бұзып, қонақтарды әбігерге салды.

 

Бейнежазба авторының айтуынша, су бірден есікті жарып кірген.

 

Желі оқырмандары видеоға әртүрлі пікір қалдырды.

 

«Тойдың арты Титаникке ұласты», «Жаңбыр жауса да, жаумаса да жақпайды. Не керек осыларға?», «Ақтаулықтар тасаттық жасағанда мекенжайды шатастырып алған ғой», «Екі жастың ақшасы көп болады екен» десті олар.