Отбасы - ошақ қасы

Түркістан тұрғыны: Күйеу баламның көрші әйелмен кездесетінін білген соң қызым қатерлі дертке шалдығып көз жұмды

  • Түркістан тұрғыны: Күйеу баламның көрші әйелмен кездесетінін білген соң қызым қатерлі дертке шалдығып көз жұмды

    Түркістан тұрғыны: Күйеу баламның көрші әйелмен кездесетінін білген соң қызым қатерлі дертке шалдығып көз жұмды

Олар өзге емес, өз әкелерінен қорлық көріп отыр. Қолмен тартқан шапалақ былай тұрсын, тіпті таңның атысы, кештің батысы қамауда отырады. Өгей ананың өгейлігінен балалар кей сәттерде аш жүруге мәжбүр. Қолға тиген таяқпен тартып қалатан ата-ананың бұл қылығы не масқара? Бұл тәрбие ме? Әлде туған ұрпағын таптау ма?

Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарламасында айтылды.

 Гүлбахор Тоқташова Түркістан облысында тұрады. Айтуынша, қызы Алдабергенова Шахназа 2012 қатерлі ісікпен ауырып, 2013 жылы көз жұмды. Артында қалған бала-шағасы әкесімен қалған. Алайда өгей анасы да, туған әкесі де күн көрсетпей келеді. 

"Күйеу балам қызымды тірі кезінде маған әкеп тастады. Ауырып жатыр, өздерің емдеңдер деді. Ертең өлсе, көметін жер жоқ. Мазардан орын бермеді деді. Бала-шағасымен бірге әкеп тастады. Қызымды дәрігерге апардым. Үйде бір жыл жатты. Химия алды. Балаларын өзім қарадым. Ауруханада жатқанда өлсем, балаларымды әкесіне берме деп жылады. Ол балаларға қарамайды, күн көрсетпейді деді. Өлерінде кәлима айтып жатып, балаларымды өзің қара деп кетті. 2013 жылы қайтыс болды", - деді анасы. 

Анасының айтуынша, күйеу баласы әйеліне де, бала-шағасына да дұрыс қарамаған. Әйелі бар бола тұра көршісімен кездескен. Оған шыдамаған жары күйзеліске түсіп, ақыры ауыр дертке шалдығыпты.

"Күйеу балам қызымның тірі күнінде-ақ көрші әйелмен кездескен. Қызым оны қызғанамын деп ауру болып қалды. Сол әйелге қызымның жылы өтпей жатып үйленді. Ол әйел күйеуімен ажырасқан. Оның үш баласы бар. Менің жиендерім бар, бәрі бір үйде тұрып жатыр. Қызым қайтыс болған соң бала-шағасын алып кетті әкесі. Соттастық. Сотта ағайын-туысын салып, пара беріп балаларын тартып алды. Бірақ өзі де, өгей шешесі де балаларға дұрыс қарамайды. Әйелінен туған балалары да ұрады. Менің көзімше-ақ ұрады. Жетім көреді. Итке беретін жуынды береді. Оқтаумен ұрады. Таяқтап ұрады. Оның бәрін көзіммен көріп, шыдамаған соң көмек сұрап келдім", - деді нағашы әжесі. 

Балалар туған әкесінің де, өгей шешесінің де таяқтың астына алып, бас-көз демей ұратынын мойындады. Денесі көгеріп жүретін кездері болады. Нағажы әжесі полицияға талай арыз жазған. Балалардың мұңын айтқан. Өзіне беруді талап еткен. Алайда істі жауып, өтінішін ескерген ешкім болмапты. 

"Талай рет арыз жаздық. Ешкім адам көрмейді. Ешкім елемейді. Арызды қабылдамайды. Істі тоқтатып тастайды. Басқа қайда барарымды білмеймін. Әбден күйінген балаларым асылып өлуге шақ қалды", - деді Гүлбахор Тоқташова.

Бағдарлама қонақтарып, заңгерлер мен сарапшылар бұл істі қайта қарау керек екенін айтты. Комиссия құрып, айғақтар жинап, сотқа арыз жазып, балалардың құқығын қорғауды талап етті. Бала жәбір көрген әкеден нағашы әжесіне берілуі керек деген пікір айтты. Бұл істе психолог, заңгер мамандар көмектесуге уәде берді. 

Stan.kz




Көрілген: 2467    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31