Үлкен әйелдер ұнаса мен кінәлі емеспін ғой

Үлкен әйелдер ұнаса мен кінәлі емеспін ғой

 Ассаламағликум «Сырласу» ! Сіздерге ішімдегі сырымды айтып, ақыл сұрағым келеді.Ой қосыңыз. 
Жасым 26- да.Маған үлкен  әйелдер ұнайды. Жас қыздар өмір көрмеген, ештеңенің қәдірін білмейді деп ойлайтынмын.
 
Шын мәнінде де қатарластарыма қарағанда ақыл тоқтатқан әйелдер бәрін біледі, өмірдің де ащы-тұщының дәмін татқан ,қарапайым тілмен айтқанда өмір көрген  деп үлкен әйелдерге деген сезімім де,құрметім де өзгеше болатын.
 
Қызы ДЦП мен ауыратын өзімнен отыз жас үлкен жеңешем бар болатын.Ауру қызы болғасын өмір көрген ғой деп іштей жақын тартатынмын,сол жеңешеммен әдемі қалжыңдасып жүріп, бір күні төсек қатынасына барып қойдық.Ол  үйдегі ағамыз автогонщик болып жұмыс істейтін еді де, алыс жолға шығып кеткеніне біраз болған.
 
Жеңешемнің әр нәрсені сылтауратып ,мені үйіне шақыруы жиіледі.Тіпті күнде кешкісін  анау- мынау деп сәл нәрсеге шақыра беретін болды."Танажын көзін сүзбесе..." деген сөз бар ғой. Одан қала берді ,құпия жымиып жылы төсекке тартқанда өзімді жоғалттым.Ол әйелмен алғаш жақындасуым еді. Жеңешемнің отқұшағы мені ақыл -естен айырды.Ер азаматты аңсаған аңсары сұмдық енді.Әйел аңсаса ештеңе тоқтата алмайтынын сол кезде алғаш сезіндім.Сөйтіп мені ең алғаш ауыздандырған жеңешем еді.
 
Жан алып ,жан беріскен  күнен соң күнде кешкісін сол үйді жағалайтын болдым.Ол қуанышымыз ұзаққа бармады.Ағамыз іссапардан келді. Бірақ біздің қарым -қатынасымызға ештеңе кедергі бола алмады.Сылтау көп.Бірде емдік шөп іздеген болып тауға шығып кетсек, келесі жолы түнде емшіге барамыз деп кетеміз.Әкімшілікке сол күндері мұғалімдерді сайлау алды түнде кезекшілікке қоятын.Ол бізге" іздегенге сұраған "болды. Түнде қорқады деген желеумен,  өз көзім әлсіз көретініне қарамай лаззат деген жаман ғой, жеңешемді алып қайтуды сылтауратып құмар басатынбыз.
 
Солай жеңешеммен оңаша сәтін тапсақ болды, құшағымыз айқаса кететін. Ағамыз араққа әуестеу болатын.Ағам арақ ішіп ләйліп отырғанда, мына жақта жеңешемді умаждап шаруамды тындырып мен жүрдім.
 
Бірақ әр нәрсенің шарықтау шегі болады."Ойнас оттан ыстық,қалса б..ан сасық "дейді ғой.Ол жеңешемнің соңғы уақытта  менен басқа біреулермен байланысы бар екенін,кездейсоқ отырған таксистім айтып қойды ,содан соң  онымен қарым -қатынасты тоқтаттым.Бірақ әлі де кейде от құшағын сағынамын.
 
Одан соң сол жастағы алыстау әкеме жамағайын болып келетін әпкеммен қарым- қатынас бастадым.Негізі мені асырап алған.Яғни әке -шешемнің қаны емеспін. Қайда барсам әпшемді қасымнан тастамай ертіп жүретінмін.Сылтауым ауырамын.Көзім нашар көреді.Ал шын мәнінде ол әпшеммен де Шымкент қаласына талай барып құмар қандырғанбыз.Өзім  ауылда тұрамын. Сылтауымыз көп, біресе анаған барамыз деп кетеміз, біресе мынаған барамыз деп кетеміз.Ешкім бізден күдіктенбейді. Жас айырмашылығымызға қарап. Күнде күндіз кездесіп құмар қандырып, лаззаттың шыңына шығамыз.Түнде үйге келген соң телефонда сағаттап отырып бір -бірімізді қимай өлең оқып, тәтті сөздерімізді айтып түн өткереміз.Ол әйел мен үшін бақыт. Мейлі жасы алпысты алқымдаса да мен үшін 18-дегі қыздай.Ол бай бала шаға дегенді мен болсам ұмытады.Оған бай да, бала -шаға да мен бар жерде керек емес.Маған да сол әпшем болса бүкіл дүниені ұмытамын.Уақытың қалай өткенін білмеймін.Жеңешеммен де солай болатын.Жеңешем қасымда болса зымырап сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамаушы едік.
 
Әпшеммен оңаша сөйлесу үшін тек қана екеуміз білетін құпия нөмер ұстаймын.Өйткені біз сөйлескенде бүкіл әлемді ұмытамыз.Тек екеуміз бармыз.Шабыт та,сезім де көл көсір болып, телефонда ынтығып, таң атып көріскенше әрең шыдаймыз.
 
Енді айтайын дегенім менің осы жүрісімді білетін бір адам үнемі ескерту жасап отырады.Оның сөзін анайы айтқанда артыма да қыстырғым жоқ.Өзіме ұнайды.Әпшем де, жеңешем де.Өзгелердің менің жеке өмірімде не шаруасы бар ? Жеке өмір өзімдікі. Маған сол ұнайды. 
 
Маған ертең әйелің сол істеп жүргеніңді алдыңа келтірсе қайтесің ?- деп қорқытпақ болады. Жоқ мен үшін қазіргі өмірім маңызды.Сіздер қалай ойлайсыздар ? Үлкен әйелдер ұнаса мен кінәлі емеспін ғой.
 
                                                                                                                   Өміржан Шымкент

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста