Отбасы - ошақ қасы

Ұлым келіннен аса алмайды

  • Ұлым келіннен аса алмайды

    Ұлым келіннен аса алмайды

 Аман -есенсіздер ме,оқырман!  Көреріңді көрмей, көрге түспейді екенсің. Өмірдің жарты белесінен асқан соң қадірің қалмай ма? Менің де ел қатарлы бір ұлым, үш қызым бар. "Алғаны жақсы болмаса,  ұл – уайым. Барғаны жақсы болмаса, қыз – уайым. Қыздарымның қолына ұлым тіріде бармаймын. Қырық төрт жыл отасқан отағаcымның ұлынан көңілі қалған. Ұлым келіннен аса алмайды. Қалада тұрады. Айлап-жылдап ат ізін салмайды. Өзіміз барсақ, келін жылан көргендей жиырылады. Барғанда бір кесе шайын бермейді. Баламның үйіне біз сыймағанмен қайын жұрты түгел сыйып отыр. Келінімнің əке-шешесі қыздарымен баламның тапқан таянғанын жеп, бізге қарсы қоюдан жалығар емес. Ұлымның санасын арбап, күн өткен сайын тасбауыр етіп барады.

Бізден қайын жұрты жақын. Құдағай не айтса да бас шұлғып отырады. Біз бірдеңе айтсақ,қ ұлағына ілмейді немесе естімеген адамша отыра береді. Сосын келінге несіне өкпелейміз? Өзім туып, өсірген ұлдан қайыр болмағанда мың айтқанмен жаттың құрсағында жатқан не істемейді дейсің?!...
Солардың дегені болсын деп, жалғыз ұл болса да бөлек шығарып қойдық. Қазақ шаңыраққа ие болып қалады деп ұл туса қуанушы еді. Қара шаңырақтың біз өлген күні есігі ашылмай, сол күйі қалатын сияқты. Тәрбиенің қай жерінде қателестік?

Зерде апа




Көрілген: 1012    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31