Отбасы - ошақ қасы

"Ұлым менікі емес, әйелім жездесімен кездесіп жүр": Алматы облысының тұрғыны ДНҚ сараптамасын жасатты

  • "Ұлым менікі емес, әйелім жездесімен кездесіп жүр": Алматы облысының тұрғыны ДНҚ сараптамасын жасатты

Алматы облысының тұрғыны Ғалымжан есімді азамат өз әйелінен күдіктеніп жүр. Ұлымның әкесі мен емеспін деген ол отбасылық мәселесін көпшілік алдында талқылады. ДНҚ сараптамасын жасатып, шындығында баланың әкесі кім екенін анықтап көрді. 

Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасында айтылды. 

 
Ғалымжан есімді азамат 29 жасында отбасын құрады. Өзінен бір жас үлкен Бағила есімді бойжеткенмен бас қосады. Көп ұзамай балалы болады. Алайда бала өмірге келген сәттен Ғалымжанның күдігі басталады. 

"Бағила екеуміз 16 қыркүйек күні үйлендік. Ол мені үйленейік деп асықтырды. Қазір ойласам, жүкті екенін білгендіктен солай жасаған шығар. Келген күннің ертесіне ол жүрегі айнып құсып жүрді. Арада он күн өтпей жатып Бағиланың жүкті екенін білдік. Екі аптадан соң тест арқылы шынында да жүкті екеніне көзіміз жетті. Босанғанда 38 апта деген еді. Ал акушер баланың 42 аптада туғанын айтты. Содан менің күдігім басталды", - деді ол.

Бағиланың өз айтары бар. Ешкіммен кездескен емеспін деп ақталды.

"Менің ұлымның әкесі Ғалымжан. Ешкіммен кездескен емеспін. Ол маған жала жауып отыр. Балаға алимент төлемеу үшін жала жауып отыр. ДНҚ арқылы сараптама жасатып, дәлелдеуге дайынмын", - деді баланың анасы.

Ғалымжан бұрынғы әйелін жездесімен көңіл қосты деп күдіктенеді. Себебі ол үнемі жездесінің көлігімен бірге қыдырып жүреді екен.

"Таныстарым Бағиланың жездесімен бірге жүргенін көреді. Көлігінің алдына отырып алады екен. Бір күні бетінен ұрып жібергенін білдім. Не үшін жездесі балдызының бетінен ұрады?", - деді Ғалымжан.

Бағила мен әпкесінің айтуынша, ерлі-зайыптылардың жанжалының арасына Бағила кіріскенде кездейсоқ соққы алған. Оны жездесі де, әпкесі де, Бағиланың өзі де растап отыр. 

Бағдарлама соңында баланың әкесінің кім екені анықталды. Бағиланың жездесі Қайраттың ұлы мен кішкентай Әрсен екеуінің қан ұқсастығы , Ғалымжан екеуінің ДНҚ сараптамасы белгілі болды. 

Сараптама нәтижесінде Ғалымжанның Әрсеннің әкесі екеніне 99,6 пайыз кепілдік берілді. 

Өз әйелінен күдіктенген Ғалымжан бұл үшін әйелінен де, оның отбасынан да кешірім сұраған жоқ. Әрсенді құшақтап, көзіне жас алды. 




Көрілген: 2028    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31